Beeline қызмет көрсету нүктелерін дәріханаларға орналастырды

7 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстанның қызмет көрсету нүктесі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының дәріханаларында ашылды. Ұялы байланыс операторының менеджерлеріне хабарласқанда, клиенттер негізгі қызметтер топтамасына қол жеткізіп, интернетке қосылуға тапсырыс бере алады, сонымен қатар нөмірді тіркеу және қайта тіркеу мүмкіндігі бар. Сервиске Europharma дәріханаларында қол жеткізуге болады.

Қолжетімді нүктелердің толық тізімімен Beeline-ның ресми сайтында танысуға болады. Дәріханалар саны көбейеді және басқа өңірлер де қосылады. ТЖ себебінен Beeline-ның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі барлық ресми қызмет көрсететін кеңсесі жабылды.

«Біз түгелге жуық сервисті онлайн алу мүмкіндігін қамтамасыз еттік. Бірақ қызметті офлайн алып үйреніп қалған клиенттер әлі де бар. Негізінен бұл – егде тартқан жандар. Карантин кезінде қызмет етуге рұқсат етілген нысандар арасынан бізге дәріханалар ғана ыңғайлы болды. Сол жерде Beeline қызметкерлеріне де, қызмет алуға келген абоненттерімізге де қауіпсіз жағдай жасауға болады», - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.

Компания күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Техникалық бөлімшелер желінің қызметін қамтамасыз етіп тұр. Жаңғыртуға қатысты барлық жұмыс жоспарлы режимде жүріп жатыр. Сервис деңгейін көтеру үшін, колл-орталығының жұмысы күшейтілді. Желідегі менеджерлер саны айтарлықтай артты. Әлеуметтік желілердегі өтініштер де өңделуде.

Beeline шетелдерде жүрген қазақстандықтарға тегін байланыс топтамаларын ұсынды, сондай-ақ көрермендерге карантин кезінде ТВ топтамаларын толық ашты. Компания қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға карантин кезінде «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларында тегін мобильді байланыс ұсынып отыр. 16000 медицина қызметкері де байланыстың тегін топтамаларын алды.

 

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz