Басты бет / Жаңалықтар

Beeline ТМД-да Visa-мен серіктес болған алғашқы оператор

26 қыркүйек 2019 ж., Алматы қаласы, Цифрлы қаржы сервистерінің ыңғайлы экожүйесін құру мақсатында, Beeline Қазақстан мен Visa ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік келісімге отырды. Beeline – Visa жаһандық төлем технолоиялық компаниясының Fintech Fast Track бағдарламасына ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропадан қатысып отырған алғашқы телеком компания.

Серіктестіктің мақсаты – барлық қаржы қызметін телефон теңгерімінің көмегімен және оған тіркелген Visa компаниясының Beeline төлем картасымен онлайн пайдалануды жеңілдету. Компания Менің Beeline-ым мобильді қосымшасын қолданушыларға арнап, жаңа виртуалды төлем картасын шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар QR төлем сервистері мен ақша аударымдары (Р2Р) да жетілдіріледі, нәтижесінде мобильді теңгерімнен ел ішілік және халықаралық аударым жасау нарығын қамтуға мүмкіндік туады.

«Beeline Қазақстандағы цифрлы қаржы сервистерін дамытқан алғашқы оператор және қазір ол осы салада көш бастап тұр. Біз клиенттерімізге смартфонның әмиянды алмастыра алатынын дәлелдедік. 2017 жылы, телефон теңгерімі мен банк картасының шотын біріктіретін бірегей төлем картасын Қазақстанда бірінші рет шығарып, Visa-мен ынтымақтаса жұмыс істеуден оң тәжірибе алдық. Былтыр mVisa сервисімен Қазақстан астанасындағы қоғамдық көлікте жолақы төлеу мүмкіндігін іске қостық. Ынтымақтастықты кеңейту – клиенттеріміздің мүмкіндіктерін арттырады. Қазақстандық Beeline Visa кейсінің негізінде цифрлы қаржы сервистерін VEON тобы елдеріне тарату жоспарымыз бар», - деді Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин.

«Beeline-мен серіктестік - Қазақстан Республикасындағы қаржы-технологиялық экожүйесін дамытудың маңызды қадамы. Beeline тәрізді жаңа ойыншылардың Visa-мен және дәстүрлі банк институттарымен серіктесе отырып, қаржы сервистерін ұсынуы келешекте нақты ақшасыз экономиканы диджитализацияландыруға және өсіруге айтарлықтай серпін бере алады. Біз, нарықтағы бірегей өнім - Beeline картасының дамуға қажет әлеуеті үлкен екеніне сенеміз. Өз технологиялары мен шешімдеріне Beeline-ның қосылуына мүмкіндік бере отырып, Visa инновациялық қаржылық-технологиялық компания мен классикалық банктерді байланыстырушы буын болмақ», - деп Visa компаниясының Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның елдерінде Қаржылық-технологиялық компаниялармен және кәсіпорындармен стратегиялық серіктестік департаментінің басшысы Евгений Лесняк атап өтті.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

БАҚ-тың байланысуы үшін:

Ерұлан Джамаев

Beeline Қазақстанның PR менеджері

+77052242220

PR@beeline.kz

Visa компаниясы туралы ақпарат

Visa Inc. (NYSE: V) цифрлы төлем саласында әлемдік көшбасшы. Біздің мақсатымыз – ең инновациялы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желілері арқылы әлемді біріктіру, бұл – тұтынушылардың, бизнестің және жалпы экономиканың жоспарлы дамуына мүмкіндік береді. Біздің жаһандық технологиялық жаңа VisaNet желіміз бүкіл әлемде сенімді, әрі қауіпсіз төлемдерді қамтамасыз етеді және секундына 65 000-нан астам транзакцияны өңдей алады. Visa компаниясы инновацияларға көп көңіл бөледі, ол – кез келген құрылғы төлем жасай алатын “connected commerce-тің” дамуын жылдамдатқыш, осылайша, ол кез келген жан кез келген жерде нақты ақшасыз төлей алатын келешекке өтуді жақындата түседі. Аналогты технологиядан цифрлы технологияға өту деңгейіне қарай, Visa өз брендін, өнімдерін, сарапшыларын, желісін және масштабын коммерцияны түрлендіруге пайдаланады. Толық ақпарат алу үшін www.corporate.visa.com, www.facebook.com/VisaKazakhstan, www.visa.com.kzVisa CISSEE Newsroom сайтына өтіңіз.

БАҚ-тың байланысуы үшін

Елена Гавинская

Visa Корпоративтік қатынас директоры,

ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа

Тел.: +38044 22 00 300

ogavinsk@visa.com

Ирина Нестеренко

Орта Азия елдеріндегі Visa баспасөз-қызметі

Tayniy Sovetnik Agency

Тел.: +7 702 23 23 896           

irina.nesterenko@ts.agency