Beeline жұмыс істеуге мамандарды қашықтан қабылдауды жалғастыруда

2 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline қызметкерлерінің 83%-ы ТЖ режимі кезінде қашықтан жұмыс істеуде. Бұл ретте компания белсенді түрде жұмыс істеп, клиенттерге барлық қажет қызметті ұсынуда.

Компания ІТ саласындағы мамандарды, колл-орталығы қызметкерлерін және корпоративті клиенттермен жұмыс істейтін мамандарды іздестіріп, жұмысқа қабылдап жатыр. Іріктеу үдерісі қашықтан, телефон және онлайн сұхбат арқылы жүргізіледі. Қазір 177 бос жұмыс орны бар. ТЖ кезінде компанияға 42 адам қабылданды, тағы 52 адам жұмыс туралы ұсыныс алды. Олар қашықтан жұмыс істеу үлгісінде міндеттерді орындауға арналған барлық қажетті жабдықтарды алды.

«Қызметкерлеріміздің денсаулығы біз үшін аса маңызды – қазіргі жағдайда біз жылдам әрі еш қауіпсіз үйден жұмыс істеуге көштік. Қазір ынтымақ пен қолдау аса қажет: компания қызметкерлерін қысқартпайды. Барлық қызметкер үшін өз жұмыс берушісіне сенімді болу маңызды екеніне сенімдімін», - деді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.

Мысалы, Beeline ашық кеңселерінің 54 қызметкері уақытша колл-орталығына жұмыс істеуге көшірілді. Осылайша олар жұмыс орнын сақтап қалады, ал колл-орталығы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігін арттырады.

Жұмыс ерекшелігі қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін, бірақ кеңсеге келуге мүмкіндігі жоқ (мысалы, облыста тұратын) қызметкерлер де жұмыс орнын сақтап қалды. Қолдау ретінде, оларға өтемақы төленеді. Қазір олардың саны – 144 адам.

BeeFlex – қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Қызметкердің қай жерде екені маңызды емес – интернетке қосыла алып, байланыста болса және өз міндеттерін уақытында орындаса болды. Бұған дейін, қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі аптасына 1-2 күн болатын, ТЖ режимі енгізілген соң, мұндай формат бүкіл жұмыс уақытына сәтті пайдаланылды.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz