Beeline мен KIMEP Digital Generation бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 мамыр 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан мен еліміздің танымал ЖОО KIMEP жас дарындарды тартуға арналған «Digital Generation» корпоративтік бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компания мен университет арасындағы ынтымақтастық екі бағытта жүреді: университеттің кез келген курс студенті Beeline-да тегін кәсіби тәжірибеден, ал жоғары курс студенттері 3 айдан 6 айға дейін ақылы тағылымдамадан өте алады. Тағылымдама қорытындысы бойынша студенттердің ең үздігі компанияға қызметке орналасуы немесе компанияның кадрлық  резервіне алынуы мүмкін.

«Тағылымдама бағдарламасы Beeline-да 2007 жылдан бері өтіп келеді және тағылымдадан өтуге келген студенттердің шамамен 10%-ы қазір бізде жетекші лауазымдарда қызмет етіп жүр. Әлеуметтік жауапты компания ретінде, біз жас және дарынды студенттерге армандаған еңбек жолын бастаудың тамаша мүмкіндігін ұсынып отырмыз. KIMEP-пен ынтымақтастық - «Digital Generation» бағдарламасын дамыту жолындағы маңызды қадамдарымыздың бірі», - дейді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.

«Digital Generation» – ақылы тағылымдама бағдарламасы, оған академиялық үлгерімі жақсы 3-ші және 4-курс студенттері немесе магистранттар қатыса алады. Жоба Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ғана емес, Қазақстанның барлық қаласындағы ЖОО-ын қамтиды. Тағылымдамадан өтуге өтініш беру үшін, студенттер www.beeline.kz сайтындағы «Мәнсап» бетіне өтіп,  «Тағылымдама» бөлімінде сауалнаманы толтыруы керек.

KIMEP University ТМД-дағы үздік ЖОО-ң бірі. Ол 25 жыл бұрын институт болып ашылған, магистратура және докторантура деңгейіндегі бағдарламалар диапазонын кеңейтіп, 2012 жылы университет мәртебесіне ие болды. KIMEP түлектерінің саны 10 мыңнан асты, қазір олар елімізде және халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда қызмет етіп жүр.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz