Beeline Қазақстан алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді

Beeline Қазақстан алдау фактілерінің жиілеп кеткені туралы клиенттерге ескертеді.

Осыған байланысты, компания абай болуларыңызды және келесі кеңестерді қаперлеріңізде ұстауларыңызды сұрайды:

  • Нөмірлеріңізді үшінші тұлғаларға айтпаңыз, сондай-ақ оларды бей-берекет – мысалы, интернет желісінде (әлеуметтік желілерде, сайттарда) жарияламаңыз;
  • Кодтарыңыз бен кілт сөздеріңізді және SMS-хабарлама арқылы келген басқа деректеріңізді ешкімге айтпаңыз;
  • Халықаралық бейтаныс нөмірлерге қайта қоңырау соқпаңыз, себебі мұндай нөмірлерге соғылған қоңырау құны қымбат болуы және ол басқа елдің немесе ақылы қызметтердің тарифімен есептелуі мүмкін.

Компания клиенттердің нөміріне қол жеткізуі мүмкін үшінші тұлғалардың әрекеті үшін жауап бермейді.

Сондай-ақ компания «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын орнатуды ұсынады, онда шығындардың есебін қадағалауға болады. Қосымшаны iOS, Android және Windows 10 Mobile мобильді платформаларына жүктеуге болады. «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатқаны үшін клиенттер сыйлыққа 5 Гб интернет-трафик алады, оған қоса, тұрақты түрде қолданғаны үшін, оларға апта сайын 500 Мб беріледі.