Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Арыс қаласының тұрғындарын тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті

26 маусым 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы.  Beeline Қазақстан абоненті болып табылатын, Арыс қаласының тұрғындары өз мобильді операторының қызметін ай бойы тегін қолдана алады.

Компания әр клиенттің теңгеріміне 30 минут пен 5ГБ мобильді интернет аударды, жарамдылық мерзімі 30 күн. Бұл туралы барлық абонентке SMS арқылы ақпарат жіберілді.

«Арыс тұрғындары үшін осы бір қиын сәттерде байланыста болу аса маңызды. Сонымен қатар отандастарының да бейтарап қалмай, оларға қол ұшын созуы аса маңызды. Шымкент пен Түркістандағы Beeline-ның аймақтық кеңсесінің қызметкерлері Арыс тұрғындарына ерікті көмек көрсетуде, ал компанияның басқа кеңселерінде зардап шеккендерге көмек ретінде ақша жиналуда», - деп Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь пікір білдірді.

24 маусым күні Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрі жарылғанын естеріңізге саламыз. Қаланың барлық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Опат болғандар да бар. Зардап шеккен жүздеген жан ауруханаға жатқызылды. Арыс тұрғындары Шымкенттегі және жақын елді мекендердегі эвакуация пункттеріне орналастырылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz