Beeline студенттерге арналған ауқымды тағылымдама бағдарламасы басталғанын хабарлайды

14 наурыз 2019 ж., Астана қ. Қазақстандық студенттер Beeline-да ақылы тағылымдамадан өте алады. Корпоративтік «Digital Generation» бағдарламасы аясында 3-4-курс студенттері өз дағдыларын компанияның функционалды бөлімшелерінде, соның ішінде жаңа, «Бұйымдар интернеті», Big Data, Digital тәрізді технологиялық бағыттарда қолданады.

Тағылымдама 2019 жылы 3 маусымда басталып, үш айдан алты айға дейін жалғасады. Тағылымдама қорытындысы бойынша ең үздік шыққан студенттер компанияға қызметке тұра алады немесе компанияның кадр резервіне алынады.

«Корпоративтік «Digital Generation» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – компанияның нақты жобаларына қатысудың, бизнестің ерекшелігін түсінудің және өз ісінің нағыз шеберлерінен құралған командада тәжірибе жинаудың тамаша мүмкіндігі. Оған қоса, Beeline-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар, бұл – студенттердің өзін көрсетуге жігер береді деп ойлаймыз», - дейді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.

Жалпы алғанда Beeline тағылымдамаға Алматы, Астана және басқа аймақтарда 80 адам қабылдайды. Қазір үміткерлер қабылданып жатыр. Үміткер - үлгерімі жақсы 3-4-курс студенті немесе магистрант болуы тиіс. Үміткерлерге www.beeline.kz сайтындағы «Мансап» бөліміне кіріп, «Тағылымдама» бөлімінде сауалнаманы 2019 жылғы 12 сәуірге дейін толтыру қажет.

Бұл Beeline-ның осы саладағы алғашқы тәжірибесі емес екенін айта кету керек – тағылымдама жобасы Қазақстанда 2007 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақытта 300-ден астам студент тағылымдамадан өтіп, олардың 100-ге жуығы Beeline Қазақстанға жұмысқа орналасқан.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz