Басты бет / Жаңалықтар

Beeline бизнестің аутсорстағы Call-орталығын ұйымдастыруына көмектеседі

12 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Business бизнесті қолдауға арналған «Beeline ұсынатын Call-орталық» өнімін ашты. Енді жаңа В2В қызметті пайдаланып, клиенттермен байланысты операторға сеніп тапсыруға болады. 

Кәсіпкерлерде инновациялық көшбасшы Beeline компаниясының ресурстарын пайдаланып, соның базасында өз бизнесіне толыққанды колл-орталығын ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болды. Ол - келген қоңырауларды қабылдау ғана емес, сонымен қатар толық телемаркетинг, әлеуметтік сауалнамалар, маркетинг зерттеулері, ақпаратты автоматты беру және sms-хабарламалар тарату. Қызмет тұрақты онлайн есеппен ұсынылады. Оның үстіне, өнімді ішінара немесе жүктеме тым көп кезде қолданылатын резервті колл-орталығы ретінде пайдалану мүмкіндігі бар. 

Компанияның ішкі зерттеулері Call-орталығын ұйымдастырғанда, клиенттердің кету ағыны ниеттестік есебінен 5-10%-ға азаятынын көрсетті. Бұл орайда, ниеттес клиенттер қатары 80%-ға дейін көбейеді. Одан бөлек, негізгі көрсеткіштердің өсуімен қатар аутсорс, ІТ-сүйемелдеу, орынжайды жалдау, қызметкерлерді оқыту шығындарын азайтып, нәтижесінде операцияны қолдаудың өзіндік құны төмендейді. Аутсорсинг бизнестің қымбат жабдықтарды сатып алмай, шығындарды азайтуына және байланыстың көпарналы желілеріндегі тиімді шарттарға қол жеткізуіне жағдай жасайды. 

«Карантин біткен соң, еліміздегі бизнестің қалпына келуі үшін қолдау керек және жағдай жасалуы қажет. Біз, кейбір үдерістерді аутсорсқа шығарып, өз кезегінде қаражат үнемдеп қана қоймай, бизнестің табысын да айтарлықтай арттыратын өнім ұсынып отырмыз. Бұл -  ірі компаниялар мен ШОБ-тың стратегиялық міндеттерді орындап, үдерістерді дамыту үшін өз ресурстарын жеңілдетуіне мүмкіндік береді. Бұдан соңғы тұтынушы ұтады, себебі колл-орталығының кәсіби жұмысының арқасында клиент оған тәуліктің кез келген уақытында хабарласып, өзіне қажет ақпарат ала алады», - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов. 

Бұған дейін Beeline корпоративті сегмент клиенттеріне карантин және ТЖ кезінде қолдау ретінде виртуалды кеңсе қызметін ұсынған болатын. Жеке меншік білім беру мекемелері өз кезегінде Office 365 тегін қызметіне қоса, қашықтан білім беруге арналған заманауи бұлтты шешімдерге қол жеткізген.
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz