Beeline дағдарыс кезінде серіктестерін қолдады

3 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан желі құрылысы қызметін көрсететін мердігер ұйымдар мен Шағын және Орта Бизнес сегментіндегі серіктестеріне төтенше жағдай режимінде, карантин және күрделі экономикалық жағдай кезінде қолдау көрсетті. Кейіннен төлеу арқылы есеп айырысу жүйесіндегі мердігерлерге, толық көлемде орындалған міндеттемелері бойынша төлеу мерзімін 5 күнге дейін қысқартты. Осылайша серіктес кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтап, міндеттемелерін ары қарай орындай алады.

«Мердігерлеріміздің, жабдықтаушылар мен серіктестеріміздің қажеттіліктерін түсінеміз. Сондықтан, сенім, адалдық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, компаниялардың осы бір күрделі кезеңге төтеп беруіне көмектесетін шараларды атқардық. Егер бұрын жабдықтаушылар көрсеткен қызметтері үшін төлемді 45-65 күнде алатын болса, енді бұл кезең 5 күнге дейін қысқарды. Мұнда ай сайын төленетін 500 миллион теңгеге дейінгі сома сөз болып отыр. Бұл іс-шаралар мердігерлеріміздің қаржылық жағдайына оң әсер ететініне сенімдіміз», - деді Beeline Қазақстанның Бас қаржы директоры Аслан Жүсүпов.

Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды. Тегін байланысқа қол жеткізген дәрігерлер саны 16000 адамнан асты. Сондай-ақ, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берілді. Оған қоса әлеуметтік, ресми және білім беретін 153 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, «Үйдегі Интернет TV» көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.

Сонымен қатар осы кезеңде, «Жарқын» тариф қатарының абоненттері теңгеріміндегі қаражат жетпесе де, тегін байланысты және Қазнетке қосылу мүмкіндігін пайдалана алады. Осы тәрізді жеңілдіктер үйдегі интернеттің барлық қолданушысына да беріледі. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, айлық төлемді ұстауға қаражат жетпесе де, Kaz және Kz домені бар барлық ресурсқа қосылуға болады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz