BeeTV абоненттер үшін тегін арналар санын екі есе көбейтті

19 мамыр 2020 ж, Нұр-Сұлтан қаласы. Көрерменнің карантин кезінде бағдарламалар мен фильмдерді BeeTV-де көріп өткізген уақыты орташа айлық көрсеткішпен салыстырғанда, екі есе көп. Ол туралы  Beeline өкілдері TV ТОП 60 топтамасын ашар алдында хабарлады, бұл топтамада өзекті тариф жоспарларындағы абоненттер үшін тегін арналар саны екі есе көп. 

Карантин кезінде BeeTV контентін көру көбейді. Бұл орайда, телевизия арналарын көру трафигі 30%-ға, өтініш арқылы ұсынылатын видео бөліміндегі фильмдер мен телехикаяларды көру 20%-ға өсті. Өсу себебі қазақстандықтардың карантин кезінде бос уақытының көп болуы ғана емес, сонымен қатар ТЖ кезінде жаңалықтар мен ойын-сауықтың ТОП 30 арнасына тегін қосылу мүмкіндігін ұсыну болды. Енді көрермен BeeTV қосымшасында екі есе көп арна көре алады. Амал-шарт «Жарқын», «Анлим», «Қос Шексіздік» және «Ұтымды микс» тарифтерінің барлық абонентіне өздігінен қосылады. Топтамада танымал ТОП 60 арна, соның ішінде «Первый канал Евразия», Euronews, «ТНТ», «СТС kids», Nat Geo Wild және басқалары бар. Көру үшін, BeeTV мобильді қосымшасын смартфон немесе планшетке жүктеу жеткілікті. 

«Телекөрілім өсті, одан бөлек, осы мерзімде трендтердің өзгергенін байқадық. Мысалы, спорт арналарына деген қызығушылық түсінікті себеппен азайып, отбасымен көруге арналған бағдарламалар алдыңғы қатарға шықты. Жаңа талаптар біз үшін топтамларды қайта қарап, көрермен үшін аса қызық жаңа ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді, мысалы, ақпарат пен ойын-сауық контентіне қосылу мүмкіндігі жаңа деңгейге шығуы үшін, рейтингі жоғары 60 арнадан тұратын тегін топтама әзірледік», - дейді Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко.

Короновирус індетіне байланысты ТЖ кезінде Beeline «Үйдегі интернет TV» клиенттеріне ТВ топтамаларды қосымша төлемсіз толық ашқанын естеріңізге саламыз. «TV 90» және «TV 100+» топтамаларының қолданушылары «Үйдегі интернет TV» қызметінің 177 телеарнасына және BeeTV-де жаңалық пен ойын-сауықтың ТОП 30 арнасына трафик шығындамай қол жеткізе алды.

BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline клиенттерінің телевизия бағдарламаларын,  фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді интернет-трафик шығындамай және жарнамасыз көру мүмкіндігі. Қызметтің артықшылықтары қатарында – әртүрлі құрылғыдан – смартфоннан және планшеттен қосылу мүмкіндігі, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар көрермен үлкен экранда «Үйдегі интернет TV» қызметіне қол жеткізе алады, бұл – 177 арна, 20 000-нан астам фильм мен телехикая және мультфильм. Сервис танымал 62 телеарнаның соңғы екі күндегі телебағдарламалар архивін, голливуд пен ресейдің үздік студияларының фильмдері мен мультфильмдерін HD сапада және жарнамасыз ұсынады.   

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.k