Басты бет / Жаңалықтар

Шетелде шексіз интернет тәулігіне 690 теңгеден басталады!

2018 жылғы 6 желтоқсаннан бастап роумингтің әдепкі шарттары жаңа шарттармен әрекет ете бастайтынын қуана хабарлаймыз!

Интернет

ТМД, Грузия және Украина елдерінде шексіз интернет тәулігіне 690 тг.

Алыс шетелдерде шексіз интернет тәулігіне 990 тг.

Қоңырау соғу

ТМД, Грузия және Украина елдерінде күніне 10 минут 690тг. Топтама сыртындағы құны – 69 тг/мин

Алыс шетелдерде күніне 5 минут 990тг. Топтама сыртындағы құны – 199 тг/мин

SMS

ТМД, Грузия және Украина елдерінде 69 тг/SMS.

Алыс шетелдерде 99 тг/SMS.

Әрекет ететін елдердің тізімі

ТМД, Грузия және Украина

Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина.

Алыс шетел

Австралия, Австрия, Албания, Алжир, Аргентина, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Гонконг, Греция, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Камбоджа, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Макао, Македония, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Моңғолия, Мьянма, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Пәкістан, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайвань, Таиланд, Танзания, Түркия, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, ОАР, Оңтүстік Корея, Жапония.

Қалай жұмыс істейді?

Сізге қосымша ештеңені терудің қажеті жоқ. Аталмыш елдерде роумингті қолдануды бастасаңыз болды, тәулік ішінде интернетке алғаш шыққанда немесе бірінші қоңырау соққанда. Интернеттің немесе қоңыраудың тиісті топтамасы өздігінен қосылады. Роумингте байланысқа шықпасаңыз, топтамалардың құны ұсталмайды.

Алғашқы 100 МБ интернет жоғары жылдамдықпен беріледі, ары қарай жылдамдық секундына 64 килобитке дейін төмендейді. Алайда, интернет 0 теңге болып қала береді.

Минуттар топтамасы барлық кіріс қоңырауына және Қазақстан мен барған еліңізге қоңырау соғуға жұмсалады. Басқа бағытқа қоңырау соғу құны – 1050 тг/мин.

Топтамалар Астана уақыты бойынша тәуліктің соңына дейін әрекет етеді және келесі күнге көшірілмейді. Келесі тәулікте интернетке алғаш шыққанда немесе бірінші қоңырауды шалғанда, тиісті топтама қайта беріледі.

Роумингтің қазіргі шарттары туралы толық ақпарат мына жерде:

ТМД, Грузия және Украина

Алыс шетел
 

Қырымдағы және Түркіменстандағы роуминг

Танымалдылығы төмен болғандықтан және осы елдердегі операторлардың тарифтері қымбат болғандықтан, роумингтегі қызметтердің құны басқа бағыттардан өзгеше. 

Қоңырау соғу – 1050тг/мин. SMS – 120тг/шт. Интернет – қосыла алмайсыз

Өзгерістер алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттерін қамтиды.