Басты бет / Жаңалықтар

Халықаралық авиакомпаниялардың рейсінде Beeline абоненттеріне арналған шексіз интернет ашылды

21 мамыр 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline абоненттері халықаралық бағытта ұшу кезінде интернетті шексіз қолдана алады. Арнайы тарифтік жоспар 22 авиакомпанияның рейсінде ашылды.

Ұялы байланыс операторының ұсынысы борттағы интернет құнынан арзан. Орта есеппен, «Биіктегі оnline» қызметі ұшу кезіндегі байланыс шығынын екі есе қысқартады. Алғашқы 100 МБ-ты абонент ең жоғары жылдамдықпен қолданады, содан соң, ұшып жеткенше, жылдамдық секундына 128 Кбитті құрайды. Бұл жылдамдық мессенджерлерді алаңсыз қолдануға жетеді.

«Beeline роумингіне абоненттеріміз әлдеқашан ыңғайлы және қолжетімді деген баға берген. Бірақ, ұзақ уақыт ұшу кезінде байланыста болу қажеттігі жиі туындап тұрады. Біз, ұшу биіктігіне қарамастан, интернет бағасы көкке ұшып кетпеуі керек екеніне сенімдіміз. Арнайы қызметтің арқасында, тіпті ұзақ уақыт алатын құрылық аралық ұшу кезінде де  сыртқы ортамен байланыста болуға болады», дейді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков.

Ұсынысты келесі тасымалдаушылардың борттарында пайдалануға болады: Turkish Airlines, Emirates, KLM, Lufthansa, Eurowings, Alitalia, Swiss International Air Lines, Kuwait Airways, Singapore Airlines, Qatar Airways, Biman Bangladesh Airlines, Etihad Airways, Aer Lingus, Virgin Atlantic Airways, Air France, Cathay Pacific, Malindo Air, EVA Air, Asiana Airlines, Malaysia Airlines, Scandinavian Airlines System, Air Serbia. Қызметті қосу мүмкіндігін борт экипажынан білу қажет, себебі, кейбір ұшақтарда техникалық тұрғыдан желіге қосылу мүмкіндігі жоқ. 

Жалпы алғанда, Beeline роумингі 180-нен астам елге таралған. «Менің Beeline-ым» қосымшасында және Beeline.kz ресми сайтында елдердің толық тізімімен танысуға, сонымен қатар қолайлы тарифті таңдауға болады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz