Beeline деректерді өңдеу мамандарына арналған мектепті бастайды

12 тамыз 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline ауқымды деректерді өңдеу мамандарын оқытуға арналған Big Data School-ын бастайды.

Big Data School – ауқымды деректерді өңдеу, сақтау және олармен жұмыс істеу негіздеріне үйрететін қарқынды курс. Студенттер Big Data- Apache Spark, Hadoop, Scala, NiFi, NoSQL БД және тағы сол сияқты салалардағы озық технологиялармен жұмыс істеуді үйренеді. Big Data саласында жаңа бағдарлама жасау сатысының іргетасын құрайтын технологияларға үйрету жоспары бар.

Мектептің негізін қалаушылар Beeline Қазақстан жетекшілері мен зерттеушілері. Соның ішінде Big Data директоры Екатерина Линкевич бар, ол бұрын Ресейде «МегаФон» компаниясының ауқымды деректерін талдау директоры болған, сондай-ақ ол ішкі және сыртқы қолданысқа арналған Big Data өнімдерін сәтті іске қосқан, байланыс операторының ішінде бөлімдерді жаңадан ашып, дамытқан.

«Қазақстан ауқымды деректерді қолдану саласында қарқынды дамып келеді. Көптеген митаптар өтіп, Big Data сарапшыларына арналған мектептер ашылуда. Бизнес тарапынан да, мамандар тарапынан да қызығушылық бар екені байқалады. Beeline-да да кадрлар жетпей тұр, сондықтан өзіміз үшін де, нарық үшін де білікті мамандарды оқытпақпыз. Талдау қабілеті бар кез келген маман біздің курс пен курстан кейінгі тәжірибенің арқасында Big Data саласындағы нағыз маман бола алады, ең бастысы ­– осы бір болашағы бар саланың алдыңғы қатарында болу, үйрену, даму, жұмыс істеу», - деп Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Олег Алдошин пікір білдірді.

Алдошиннің айтуы бойынша, Қазақстанда көптеген салаға тиімділігі мен табысын арттыру үшін деректерді талдау негізіндегі өнімдер қажет. Қазір телеком, банк, мемлекеттік сектор салалары мен басқа да салалар ауқымды ақпарат жинап қойды, оларды өңдеп, кәдеге жарату керек. Бүгінгі таңда Beeline Business брендімен Скоринг және Верификация өнімі іске асырылуда, ол несие тарихынсыз, банк борышкерлерін бағалауға мүмкіндік береді.

Оқуға бейіндік білімі мен ұқсас салада жұмыс істеген бағдарлама жасаушылар шақырылады. Курс туралы ақпаратты, оқу шарттары мен Big Data school бағдарламасын сілтеме арқылы ала аласыздар: https://new.beeline.kz/ru/big-data-school

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz