Beeline-ның Big Data мектебі қазақстандық студенттерді оқытуды бастады

21 қазан 2019 ж., Алматы қ. Beeline Қазақстан Big Data School-ында білім беруді бастады. Мектептегі бірінші білім жылына 1500 үміткер өтініш берген.

Big Data School-ын компанияның осы салада тәжірибесі көп сарапшылары құрды. Қарқынды курс барысында оқытушылар студенттерді Big Data өнімдерін жасауға және сатып өткізуге үйретеді, мәлімет жинау нысандары мен құралдары туралы толық білім береді. Түлектер бағдарламалық жасақтаманы дербес ашып, пайдалануды және алған дағдысын нақты бизнес-міндеттерді шешу жолында қолдануды, т.с.с. көптеген мүмкіндікті үйренеді.

Өтініш берген 1500 үміткердің қатарынан 200-і сынақтамадан өтті. Нәтижесінде, мектепте тегін оқу мүмкіндігіне ең дарынды 20 студент қол жеткізді.

«Big Data мектебімізде осы саладағы озық білімімізді және қызықты нақты кейстерімізді бөлісеміз. Былай айтқанда, өзімізге дайындағандай, яғни Beeline Қазақстан деңгейіндегі инновациялық компанияда тиімді жұмыс істеуге үйретеміз. Оған қоса, үздік студенттердің командамызға жұмысқа алынатынына кепіл береміз және Билайн Ресейде тағылымдамадан өткіземіз. Студенттерге сәттілік пен қызықты оқу тілейміз», - деді Beeline Қазақстанның Big Data директоры Екатерина Линкевич.

Компания 2019 жылы Big Data негізіндегі бірнеше қызметті іске қосты. Бұл – банк секторына арналған скоринг және верификация қызметтері, ол клиенттерге ұялы байланыс қызметтерін қолдануға қатысты деректердің сараптамасы негізінде, несие тарихынсыз-ақ қарыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, банк клиенттері карталарындағы алаяқтық транзакциялар санын азайтуға бағытталған Bank Notification сервисі ашылды. Оларға қоса, жақында таргетингтің арқасында клиентпен қатынастың тиімділігін 7 еседен артық көтеретін «Мобильді жарнама» өнімі ашылды.

Big Data school туралы ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады: https://new.beeline.kz/ru/big-data-school  

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz