Максим Цвыков Beeline Қазақстанда Маркетинг директоры лауазымына тағайындалды

15 шілде 2019 ж., Алматы қаласыBeeline Қазақстан Маркетинг директоры лауазымына Максима Цвыковтың тағайындалғанын хабарлайды. Маркетинг директорының міндеті – нарықты талдау, компанияның кірісі мен табысын арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеп, енгізу.

Тағайындалу туралы Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин: «Максим Цвыковты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймын. Маркетинг дирекциясына кәсіби маманның жетекшілік ететініне қуанышытымын. Максим корпоративтік құндылықтарға толық сай және ол компаниямыз бен Қазақстан телеком-нарығының ерекшеліктерін жақсы біледі. Beeline Қазақстанда жұмыс істеген уақытында Максим табысты 50 маркетингтік бастаманы іске асырды. Оған және бүкіл маркетинг командасына жаңа жеңістер мен алға қойған мақсаттарға жетуін тілеймін».

«Телекоммуникация – әлемдегі ең технологиялы, бәсекелесі жоғары және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Осы нарықта, Beeline Қазақстанда соңғы 8 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізе отырып, біз Қазақстанда көш басына шықтық. Нарықта көшбасшы болып қалу үшін және клиенттеріміздің қажеттіліктеріне сай бизнестің жаңа бағыттарында жетілу үшін, біздің стратегиямыз айқын, нарықты жете түсінеміз және командамыз білікті мамандардан құралған. Бизнесті дамытуды жаңа рөлде жалғастыру мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын», - деп Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков пікір білдірді.

Өмірбаяны:

Максим Цвыков 1987 жылы 16 сәуірде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дүниеге келді. Қырғыз-Ресей Славян Университетінің «Математикалық әдістер және экономикадағы операцияларды зерттеу» мамандығын бітірген.

  • Еңбек жолын 2008 жылы «M-Vector» консалтинг агенттігінде бастап, маркетингтік және әлеуметтік зерттеулерді жүргізуге жауап берді.
  • 2009-2011 жылдары Beeline Қырғызстанда мақсатты маркетинг менеджері қызметін атқарды.
  • 2011 жылы маусымда Максим Мақсатты маркетинг бағытының жетекшісі лауазымында Beeline Қазақстан командасына қосылды. 2012 жылан бастап, 3 жыл бойы Баға құрылуы қызметіне жетекшілік етіп, тарифтік жоспарлар мен қосымша қызметтер қоржынын сәтті басқарды.
  • 2015 жылы Жалпы нарықтағы баға ұсыныстарын басқарушы директор лауазымына тағайындалды. Бірнеше жыл қатарынан компанияның кірісі мен табысын арттыруға бағытталған бірқатар стратегиялық жобаны іске асырды.
  •  2019 жылы 1 мамырдан бастап, таяу күндерге дейін Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры міндетін атқарды. 

Максим үйленген, музыкамен, велоспортпен, сноубордпен және автоспортпен әуестенеді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz