Beeline ТЖ кезінде қарттарды байланыспен қамтамасыз етеді

19 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline карантин мен ТЖ кезіне қазақстандық зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынады. Дауыстық байланыс пен интернет трафикті «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларының барлық қолданушысы алады.

«Коронавирус індетіне байланысты елімізде карантин мен ТЖ жарияланып отырған кезде, қазақстандықтарды сөзбен ғана емес, нақты іспен қолдағымыз келеді. Адамдарға, әсіресе қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу, адамдармен тікелей байланысын азайтып, қандай-да бір ерекше шектеусіз телефон арқылы байланысуын қолдау қолымызда тұр. Бүгін әлеуметтік тарифтердің қолданушыларына жақындарымен байланысуға жететін минуттар мен интернеттің қосымша топтамаларын аударамыз. Қазақстандықтарға денсаулық пен сабыр тілейміз!», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Қазақстандағы ашық көздердің деректеріне сүйенсек, шамамен 2 миллион адам зейнет жасынан асып кеткен. Арнайы солар үшін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2016 жылы «Әлеуметтік» тариф жоспары ашылды. ТЖ кезінде тарифтің барлық абонентін қолдау үшін, оларға 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ҚР-дағы барлық нөмірге хабарласуға жарайтын 300 минут дауыстық трафик пен 30 ГБ интернет трафик автоматты түрде беріледі. Осындай топтама есту мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Хабарласу» тариф жоспарының абоненттеріне де беріледі.

Бұған дейін Beeline шетелдерде жүрген қазақстандықтарға тегін байланыс топтамаларын берген, сондай-ақ карантин кезіне көрермендерге ТВ топтамаларын толық ашты.

«Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларының шарттары мен жинақтары туралы толық ақпаратты www.beeline.kz сайтынан білуге болады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz