Басты бет / Жаңалықтар

Beeline ТЖ кезінде әлеуметтік сайттарға қосылу трафигін есептемейді

20 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан ТЖ кезінде әлеуметтік маңызы бар интернет-ресурстарға тегін қосылу мүмкіндігін ашты. Сайттар 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Beeline-ның барлық абоненті үшін трафик есептемейтін режимде жұмыс істейді.

«ЖОО мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшті, ал оқушыларды каникулға шығарды. Білім беретін және әлеуметтік маңызы бар ресурстарға барлығы қосыла алуы үшін, трафик есебін жойдық. Енді клиенттерімізде ақпаратқа қатысты қиындық болмайды, олар танымдық видеолар көріп, жаңалықтарды оқи алады. Бұл мүмкіндік барлық абонентімізге беріледі. Қашықтан оқу мәселесін біраз жеңілдеттік деп үміттенеміз және студенттер мен оқушыларға жеңіл, әрі қызық оқу тілейміз», - деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков.

Тегін қосылатын сайттар тізімінде қазір 137 ресурс, соның ішінде әлеуметтік ресурстар, білім беретін сайттар және университеттердің ресми ресурстары бар. Олар - Edu.kz, BilimAl.kz, I-mektep.kz және тағы басқалары. Смартфонда, 4G модемде, 4G wifi-роутерде тегін қосылу мүмкіндігі ашылуы үшін, құрылғыларды қайта жүктеуге кеңес береміз.

Толық тізіммен сілтеме арқылы танысуға болады: https://bee.gg/e/kz4edu  

Сайттар тізімі жаңарады. Білім беретін сайтты тізімге қосу үшін, ресурс иелері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне хабарласуы керек.

Бұған дейін Beeline шетелдегі қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамаларын берген, сондай-ақ карантин кезінде көрермендерге ТВ топтамаларды толық ашты. Сонымен қатар компания қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ТЖ кезінде тегін мобильді байланыс ұсынып отыр. Дауыстық байланыс пен интернет трафик «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларының барлық қолданушысына берілді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz