ТЖ кезінде «Жарқын» тарифтері мен «Үйдегі интернеттің» барлық тарифінде Қазнетке қосылу тегін болады

«Жарқын» тариф жоспарына қосылған Beeline клиенттері 2020 жылғы 30 наурыздан бастап желі ішінде шексіз қоңырау соғып, қазақстандық интернет-ресурстарға тегін қосыла алады. «Үйдегі Интернет» қызметінің барлық тарифінде де Қазнетке шексіз әрі тегін қосылу мүмкіндігі ашық. 

Қолдануды бастау үшін, кез келген «Жарқын» тарифіне ауыссаңыз болды – жеңілдіктер өздігінен беріледі. «Жарқын» тариф жоспарында жүрген клиенттер де жеңілдік шарттарын автоматты түрде пайдалана алады.

Үйдегі интернет қолданушыларына да ештеңе істеудің қажеті жоқ.

Осы мүмкіндіктер тарифтің абоненттік төлемі ұсталса да, ұсталмаса да беріледі.

Арнайы шарттар ТЖ кезінде әрекет етеді.

Білгеніңіз маңызды!
Шексіз интернет-трафик .kz және .kaz домендеріне аяқталып, Қазақстандағы серверлерде орналастырылған (хостингі бар) сайттарға беріледі. Назар аударыңыз, кейбір сайттарда трафиктің 2 түрі болуы мүмкін, олар: меншікті ішкі – ол шексіз; дәне сыртқы – техникалық трафик, баннерлі жарнама, кіру санағышы, сондай-ақ басқа сайттардан (YouTube, Vkontakte, Rutube, Vimeo тағы басқалары) орналастырылатын видеолар. Шексіздік сыртқы трафикке берілмейді.
Сондай-ақ, телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса, Қазнетке шексіз трафик берілмейді де, трафик негізгі топтамадан жұмсалады. 
Еліміздің сыртында орналастырылған *kz доменді сайттарға тегін қосылуға кепіл берілмейді. Сайттың Қазақстанда орналасқанын тексеру үшін, іздеу жүйелерін (мысалы, Google) қолдануға болады.