Beeline кеңселерінің карантин кезіндегі жұмыс кестесі

Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңселері жаңа режимге көшті. Көптеген бөлімшеде жұмыс уақыты қысқарды, кейбір кеңселер жабылды.  

Толық ақпарат мына жерде жарияланған.


Жңа жұмыс режиміне көшу – еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты уақытша шара.

Клиенттерімізге байланыста болу аса маңызды екенін түсінеміз, сондықтан жұмысымызды тоқтатпаймыз. Beeline-ның барлық ашық кеңсесінде күніне бірнеше рет тиісті түрде санитарлық зарарсыздандырылады. Соған қарамастан, карантин кезінде қоғамдық орындарға бару қауіпті болуы мүмкін.

Барлық клиентті онлайн-мүмкіндіктерді қолдануға шақырамыз. Үйден шықпай-ақ келесі нөмірлер арқылы тегін кеңес алуға және қызметтерді қосуға болады:  
- 116 – мобильді байланыс;
- 3535 – «Үйдегі Интернет».

Соңғы ақпарат осы сайттың жаңалықтар бөлімінде және әлеуметтік желілердегі ресми парақтарымызда жарияланады.

Байланыста болыңыз және өзіңізді сақтаңыз!