«Ұтымды Микс» пакеттеріне қосылу мерзімінің өзгеруі

Beeline-ның «Ұтымды Микс» пакеттеріне қосылу мерзімдерінің өзгеруі жайлы хабардар етеміз - жаңа тарифтік желінің шығуына байланысты, қосылу мерзімі 2018 жылдың 5 мамырына дейін қолжетімді болады. Бұл ретте «Ұтымды Микс» пакеттеріне 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2018 жылғы 4 мамырға дейін қосылған клиенттер пакеттерді қосылу кезіндегі шарттармен пайдалана береді, яғни абоненттік төлем көлемі, Үйдегі Интернет жылдамдығы, «Үйдегі Интернет TV» арналарының саны өзгеріссіз қалады.

2018 жылғы 5 мамырдан бастап клиенттер бұрынғы тарифтік желілер, бұрынғы коммерциялық шарттар бойынша SIM-карталар санын, Үйдегі Интернет жылдамдығын, «Үйдегі Интернет TV» арналарының санын өзгерте алмайды, сондай-ақ  пакеттерге қандай да басқа өзгерістер енгізе алмайды.

Егер 2018 жылғы 5 мамырдан кейін «Ұтымды микс» пакетіне қандай да өзгерістер енгізгіңіз (SIM-карталар санын, Үйдегі Интернет жылдамдығын, «Үйдегі Интернет TV» арналарынының санын өзгерткіңіз және пакеттерге қандай да басқа өзгерістер енгізгіңіз) келген жағдайда, тарифтеме «Ұтымды Микс» жаңа тарифтік желісінің бағаларына сәйкес қолданылады. Бұл ретте «Ұтымды Микстің» бұрынғы тарифтік желісінен жаңасына ауысу құны тегін болады.

Жаңартылған тарифтік желімен 2018 жылғы 5 мамырда beeline.kz сайтында танысуыңызға болады.

Бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет! :)