Басты бет / Жаңалықтар

Интернетке қосылу тарифінің өзгеруі

15.03.2018 жылдан бастап Компанияның тарифтік жоспарлары мен қызметтеріндегі интернеттің тарифтелуіне жаңа ережелер енгізіледі.

Жаңа шарттар клиенттерімізге жоспарланбаған шығынның алдын алуға мүмкіндік береді, себебі енді клиенттеріміз Интернетке қосылу мүмкіндігін тиімді басқара алады.

Тарифтік жоспардағы немесе қызметтегі интернет-трафиктің негізгі көлемі біткенде, ары қарай Интернетке клиенттің қалауы бойынша қосымша топтама сатып алғанда немесе тарифтік жоспардың топтамасын қалпына келтіргенде ғана қосылады. 

Мысалы, «Бәрі 1790 тг» тарифтік жоспарында ай сайынғы абоненттік төлемді төлесеңіз, 8 ГБ интернет-трафик беріледі.

Егер негізгі трафиктің 8 ГБ-ы бітіп қалса, интернетті қолдануды бірнеше жолмен жалғастыруға болады:

  • Абоненттік төлем ұсталуы үшін теңгерімді толтыру;
  • Біржолғы интернет-топтамаларды пайдалану;
  • *355# пәрмені арқылы тарифтік жоспарды толықтай қалпына келтіру (айдың бірінші жұлдызында абоненттік төлемі ұсталатын тарифтерде пайдаланылмайды);
  • Интернет-трафик көлемі үлкен «Бәрі» тарифтік жоспарына ауысу.