Басты бет / Жаңалықтар

«Ұтымды микс» тарифтік қатарындағы өзгерулер

Beeline-ның «Ұтымды микс» топтамаларына қосылу мерзімі өзгергенін хабарлаймыз – енді жаңа тарифтік қатардың ашылуна байланысты, 2019 жылдың 4 наурызына дейін қосылуға болады. Бұл ретте, «Ұтымды микс» топтамаларына 2018 жылдың 5 мамырынан бастап 2019 жылдың 4 наурызына дейін қосылған клиенттер топтамаларды қосылған кездегі шарттармен пайдаланады, яғни абоненттік төлем, «Үйдегі интернет» жылдамдығы, «TV Үйдегі Интернет» арналарының саны өзгермейді.

Сондай-ақ Youtube пен әлеуметтік желілерге шексіз қосылу мүмкіндігін беретін акция мерзімі мен бонустық 4G трафик мерзімі де 2019 жылғы 06 наурызда бітеді.

Егер 2019 жылғы 04 наурыздан бастап  «Ұтымды микс» топтамаларын өзгерткіңіз келсе (SIM-карталар саны мен «Үйдегі интернет» жылдамдығы, «TV Үйдегі Интернет» арналарының саны және топтамаларға енгізілетін басқа да өзгерістер), тарифтелу жаңа «Ұтымды микс» тарифтік қатарының бағасына сай қолданылады. Бұл ретте «Ұтымды микстің» бұрынғы қатарынан жаңасына ауысу тегін.

Жаңартылған қатармен 2019 жылғы 04 наурыздан бастап біздің сайтта таныса аласыз.

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет! :)