Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстан ойыншылары Twitch мобильді қосымшасына шексіз трафик алды

2 мамыр 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Twitch стриминг сервисін қолдануға кететін трафикті есептеудін тоқтатты. Енді «Көп» тарифтік жоспарының қолданушылары мен #БәріБолады қызметін қосқан жандар компьютер ойындарының трансляциясын лимитсіз қарап, талқылай алады.

Twitch шексіздігі – Beeline-ның танымал ресурстарды қолдану кезіндегі трафик есебін алып тастауға бағытталған ауқымды бағдарламасының бір бөлшегі ғана. Ұялы байланыс операторының абоненттері қазірдің өзінде YouTube-ке, мессенджерлерге, сондай-ақ «Күнделік» қызметіне шексіз қосыла алады.

«Қазіргі ойын индустриясы – жай ғана көңіл көтеру емес, заманауи мәдениеттің үлкен бір қыртысы. Одан бөлек, бұл кәсіби ойыншылар үшін де, видео ойын мен ойын тақырыбындағы контентті жасаушылар үшін де табысты бизнес. Beeline бұл бағытты қолдайды. Twitch стримдерін көруге берілетін шексіз интернет – ойыншыларды қолдауға бағытталған тағы бір қадам», дейді Beeline Қазақстанның Маркетинг директорының м.а. Максим Цвыков.

Twitch — видеостриминг сервисі, ол копьютер ойындарына, соның ішінде ойындар мен киберспорт турнирлерінің трансляциясына маманданған.  Twitch платформасында видеоны нақты уақыт режимінде және сұрату арқылы көруге болады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz