Beeline клиенттері Қазақстанның үш қаласында QR-төлемді пайдалана алады

23 мамыр 2019 ж., Алматы қ. Beeline Қазақстан өз клиенттеріне сатып алған заттары мен қызметтерінің ақысын Менің Beeline-ым және Beeline Рау мобильді қосымшаларында mVISA халықаралық сервисінің көмегімен QR-код арқылы төлеу мүмкіндігін ұсынады.

Қызмет Halyk Bank-пен бірге жүзеге асырылды және оны Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай қалаларындағы кофехана, киім дүкендері, ойын-сауық орталықтары мен спорт мекемелері тәрізді 30-дан астам серіктес нүктеде пайдалануға болады. Төлеу үшін,  Менің Beeline-ым немесе Beeline Рау мобильді қосымшасын ашып, QR-төлемдер бөліміне өту және ғимараттың QR-кодын сканерлеу керек. Содан соң соманы енгізсеңіз, ол мобильді шот теңгерімінен ұсталады.

«Қолыңызда Beeline мобильді қосымшасы бар телефон болса, қолма қол ақшасыз жолақы төлеуге, ақша аударуға және заттарды сатып алуға болады. Қолданушыларға ыңғайлы боуы үшін, еліміздің үздік банкімен бірге теңгерімнен төлеу пункттерінің санын көбейтуге тырысудамыз. Қазір Қазақстанның үш қаласында QR-төлемді қолдануға болады, ал болашақта қалалар мен  төлейтін орындар саны артады» - деп Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин мәлімдеді.

QR-төлем қосылған ғимараттардың толық тізімі Менің Beeline-ым және Beeline Рау мобильді қосымшаларында. Қызметті Beeline-ның алдын ала төлем жүйесіне қосылған абоненттер қолдана алады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz