Телефон теңгерімінен коммуналдық қызметтерге төлеуге болады

25 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің ақысын телефон теңгерімінен төлей алады. Мобильді қаржы сервистерін дамыту саласының пионері Beeline Қазақстан компаниясы қызметті Менің Beeline-ым қосымшасында ашты. 

Төлеу үшін:
1.    Менің Beeline-ым қосымшасында «Төлемдер» бөліміне, ары қарай «Коммуналдық қызметтерге» кіру керек; 
2.    Жабдықтаушыңызды таңдап, барлық жолды толтыру қажет; 
3.    Содан соң «Төлеу» пернесін бассаңыз, төлемді растайтын SMS келеді.

Қызмет туралы Сергей Головань - Beeline Қазақстанның Цифрлы қаржы сервистері қызметінің директоры: «Компаниямыз, жеке кабинеттен бөлек, ақша аудару және теңгерімнен төлеуге арналған мобильді банкингті қамтитын мобильді қосымшасын жетілдіруді жалғастыруда. Екі бөлім де үнемі толықтырылып отырады. Қолданушыларымыз үйден шықпай-ақ, коммуналдық қызметтердің де ақысын онлайн төлей алатынын қуана хабарлаймыз. Мұны мобильді қосымшамен жүзеге асырған оңай әрі қауіпсіз». 

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлем жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында пайдалана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz