Beeline ТЖ кезінде жеңілдігі бар сервистерді ұсыну арқылы 1.3 миллиард теңге көмек көрсетті

28 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан карантин мен ТЖ кезінде қазақстандықтарды қолдау үшін бірқатар іс-шара атқарды. Бастамалар компанияның барлық қызметін қамтыды және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Карантин мен ТЖ кезінде Beeline .KZ және .КАЗ домені бар қазнет ресурстарына тарифсіз қосылу мүмкіндігін, сондай-ақ өзекті тариф қатарына қосылған мобильді байланыс абоненттері үшін желі ішінде тарифтелмейтін қоңырау шалу мүмкіндігін ұсынды. Орнықты интернетті қолданушылар да қазақстандық ресурстарға абоненттік төлем төлемей қосыла алады. Одан бөлек, Beeline-ның барлық клиенті әлеуметтік маңызы бар ресрустарға трафик шығындамай қосылу мүмкіндігіне ие. Мысалы, мемлекеттік сайттарға, білім беретін және медициналық ресурстарға шексіз қосылуға болады. Қазір тізімде 153 атау бар және ол үнемі көбейіп отыр. Арнаулы «Керемет» тарифі мұғалімдердің байланыс қызметтерін жеңілдігі бар бағамен пайдалануына мүмкіндік береді. «Біз шеккен зиянымыз бен ала алмаған табысымызға қарап жатқан жоқпыз. Бүгінгі таңда, қауіпті аймақта жүрген мұқтаж жандарға байланыс ұсыну аса маңызды. Beeline клиенттерін әрдайым қолдайды және атқарған ісіміз ниетімізді тағы да растай түседі. Оған қоса, орын алған дағдарыс жағдайында барлық жұмыс орнын сақтап қалдық, демек, қалыптасқан жағдайға қарамастан Beeline өте маңызды, әрі Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі болып қала береді», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Сонымен қатар, компания 16 мыңнан астам медицина қызметкерін мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Дәрігерлер Қазақстандағы кез келген нөмірге қоңырау шалуға 1000 минут пен 100 ГБ интернет-трафик алды. Сондай-ақ зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардан карантин кезінде мобильді байлныс үшін ақы алынбайтын болды. Дауыстық байланыс пен интернет трафик «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларының барлық қолданушысына берілді.

Шетелдерде жүрген абоненттер Beeline байланысының тегін топтамаларын алды. Роумингтегі 2 ГБ интернет пен қоңырау шалуға арналған 30 минут коронавирус қаупі жоғары елдердегі 2000-нан астам клиентке 30 күнге ұсынылып отыр. Роумингте интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ елдерде Beeline абоненттері дауыстық қоңырауға 100 минут алды.

«Сонымен қатар, құрылыс салып жатқан мердігерлерімізге ақысын мерзімінен бұрын төледік, себебі қазіргі жағдайда желінің қызметін сақтап қалу аса маңызды. Осылайша, олардың жұмысы мен жұмыс орнының сақталуына кепіл беріп отырмыз. Beeline карантин кезінде азаматтарды қолдап, жігерлендіру үшін қоғам игілігіне жұмыс істеуді жалғастыруда», - деп Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов пікір білдірді. Бұлардан бөлек, компания Kcell және Tele2 нөмірлеріне ақша аудару комиссиясын алып тастағанын жариялады. Бұрын операторлар арасында ақша аудару ақылы болатын, құны - 1.5%-ды құраған. Тағы бір жағымды жайт, карантин кезінде қазақстандықтардың көңілін көтеру үшін, «Үйдегі Интернет TV» көрермендеріне барлық ТВ топтамасын қосымша төлемсіз ұсынып отыр. «TV 90» және «TV 100+» топтамаларын қолданушылар «Үйдегі Интернет TV» қызметінің 177 телеарнасы мен BeeTV-дің жаңалықтарға және ойын-сауыққа арналған ТОП 30 арнаны трафик шығындамай көре алады.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700 қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz