Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстандықтар Beeline ұсынған жаңа мобильді қосымша арқылы дәрігерлерге тегін «бара» алады

Біз,  карантин кезінде отандастарымызды қолдау үшін жасалған жаңа Doctor Online мобильді қосымшасын аштық. 

Doctor Online қосымшасының арқасында барлық қазақстандық үйден шықпай-ақ медициналық көмек ала алады. Кеңесті әртүрлі бейіндегі құзыретті, сертификаты бар дәрігерлер береді.

Карантин кезінде Beeline қосымшасына тәулік бойы әрі тегін қосылуға болады. Оны, қай мобильді операторға қосылғанына қарамастан, барлық жан смартфонына жүктей алады.

Doctor Online қосымшасымен оңай алуға болады:

  • видео- және аудиочаттар арқылы қажет мамандардан кеңесті;
  • дәрігерлердің кеңесі мен қажет дәрі-дәрмек  тізімін;
  • ем курсы кезінде дәрі-дәрмекті қабылдауға қатысты жадынаманы.

Doctor Online қосымшасын App Store немесе Play Market ресурстарынан тегін жүктеуге болады.
Дәрігерлердің онлайн-көмегіне тегін хабарласу саны шектелмеген. Бірақ олардың жеңіл болуын тілейміз. Ауырмаңыздар!


Назар аударыыңыз! Doctor Online қосымшасы дәрігерге жоспарлы көрінудің баламалы ыңғайлы жолы. Шұғыл жағдайда (дене қызуы жоғары болса, тыныс алу қиындаса, жөтел кезінде және денсаулық нашарлаған басқа да жағдайда) 103 нөмірі арқылы бірден жедел жәрдем шақырған дұрыс.