Beeline басқа операторларға қаражат аударғаныңыз үшін ақы алмайды

21 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы, Beeline Қазақстан Kcell және Tele2 нөмірлеріне қаражат аударғаныңыз үшін ақы алмайтынын жариялайды. Бұрын операторлар арасында ақша аудару ақылы болатын және 1.5%-ды құрайтын.

5000 теңгеге дейінгі соманы екі жолмен тегін аударуға болады:

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында «Аударымдар» бөілімін таңдап, нөмір мен аударым сомасын көрсету керек;
2020 қысқа нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы. Осы жолмен аудару үшін, бос орын қалдырмай соманы, оператордың атауын латын әріптерімен және қаражатты алушының нөмірін «+7» санысыз көрсету керек. Мысалы, 100Kcell707123ХХХХ.
Аударымдар саны шектелмейді. Бір операцияның ең аз сомасы 10 теңге, ең көп сома – 100 АЕК (265 100 теңге). 5000 теңгеден асқанда, комиссия аударым сомасының 1%-ын құрайды.

«Жүріс шектеліп, көзбе-көз жолығу азайған сәтте, мобильді операторлар өз абоненттері арасындағы аударымдарға нөлдік тариф кеңістігі ережесін бірауыздан қабылдады. Аударымдар арқылы жақындарыңызға көмектесіңіздер, оларды телефоннан төлеуге үйретіңіздер және олардың орнына Менің Beeline-ым қосымшасынан нақты уақыт режимінде комиссиясыз төлеңіздер. Нақты ақшасыз төлемді пайдаланып, қолма қол ақшаны қолдануды шектеуге ұмтылуларыңызды өтінеміз», - деді Цифрлы қаржы сервистер қызметінің директоры Сергей Головань.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында пайдалана алады.

Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline 6000-нан астам медицина қызметкері тегін байланыспен қамтамасыз етті. Сондай-ақ қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берді, сондай-ақ әлеуметтік, ресми және білім беретін 137 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, BeeTV көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

БАҚ-тың хабарласуына:

Ерұлан Джамаев

Beeline Қазақстанның PR менеджері

PR@beeline.kz