«Бәрі» тарифтерінің жаңа қатары және «Сөйлесуге арналған» тарифі

Құрметті абоненттер!

Біз үшін Сіздің пікіріңіз аса маңызды және біз Beeline қызметтерін жетілдіруге берген барлық ұсыныстарды тыңдаймыз. Пікірлеріңізді негізге ала отырып, біз «Бәрі» тарифтерінің қатарын жаңарттық. Бүгіннен бастап, топтамалық ұсыныстарды қолдану бұрынғыдан да тиімді бола түседі!

Интернет-трафик енді күндізгі және түнгі болып бөлінбейді, ал абоненттік төлем, қызмет қосылған күнге байланысты, айдың кез келген күні ұсталады. Одан бөлек, көлемі үлкен топтама мен басқа операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғуға арналған қажетті минуттар топтамасын таңдау мүмкіндігі пайда болды. Белгіленген шектен асқан жағдайда, Сіз кез келген уақытта интернеті, қоңыраулары немесе SMS-тері бар қосымша топтамаларды сатып ала аласыз.

Жаңа қатарға «Бәрі 1190 тг»«Бәрі 1590 тг»«Бәрі 1690 тг»«Бәрі 2490 тг» тарифтік ұсыныстары мен «Сөйлесуге арналған» жеке тарифтік жоспары кіреді. Бұл топтамалар Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.

«Бәрі» тарифтік жоспарларының ағымдағы қатарына қосылу мүмкіндігі 2017 жылы 11 қаңтарда аяқталады: «Бәрі 890»«Бәрі 1200»«Бәрі 1500»«Бәрі 2300».

Оған қоса, 22.12.2016 жылдан бастап «Жақын елдер» қызметіне қосылу шарттары өзгереді. Шарттары туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы өтіп, біле аласыз.

Сіздің Beeline!