Новый сезон популярного сериала «Миллиарды» появился на BeeTV

19 наурыз 2019 ж., Астана қ. Beeline Қазақстан Астанада «Миллиарды» (Billions) телехикаясы жаңа маусымының бірінші эпизодын көрсетті. Керемет драманың төртінші маусымын көрермен Amediateka-ға жазылып BeeTV мобильді қосымшасында көре алады.

«Миллиарды» — американың драмалық телехикаясы, ішінде триллер элементтері де бар. Премьерасы 2016 жылы 17 қаңтарда Showtime телеарнасында болған, бірақ оған дейін телехикая 1 қаңтарда желіге шықты. Телехикаяның сюжеті қаржы нарығындағы ірі ойыншы Бобби Аксельрод пен «уолл-стрит қасқырын» темір торға қамағысы келген прокурор Чак Роадстың арасындағы қарсылық негізіне құрылған.

«Телехикая – экран алдына миллиондаған адам жинайтын контент. Соған қарамастан продюсерлер бірнеше жылдан бері эфирге баса назар аударып келеді. Соның ішінде «Миллиарды» шоуының бірінші сериясы желіге ТД-дан бұрын шықты. Көру мәдениеті өте тез және үздіксіз өзгеріп отырады, BeeTV тәрізді сервистер адамдарға жаңа серияны өздеріне ыңғайлы жерде көру мүмкіндігін ұсынады. Көрермен қазір үйдегі ТД мен уақыт шеңберіне тәуелді емес, кейіннен көру және тоқтатып қою амал-шарттары бар. Жаңа форматтың ыңғайлы мүмкіндіктерін байқап көруші қазақстандықтардың қатары күн сайын артып келеді», - дейді Beeline Қазақстанның Жалпы нарықты дамытушы коммерциялық директор м.а. Максим Цвыков.

BeeTV – бұл Beeline абоненттерінің интернет-трафикті шығындамай телевизия бағдарламаларын,  фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді көру мүмкіндігі. BeeTV контентінің  саны – 125 телеарна, 7260 фильм, 1936 телехикая. BeeTV қызметінің артықшылықтары – әртүрлі құрылғыдан – компьютерден, смартфоннан және планшеттен қосылу мүмкіндігі, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері. Сонымен қатар жазылымдар бөлімінен бір тәулікке «Барлық BeeTV 99 тг» біржолғы топтамасын қосып, бүкіл контентті шексіз көруге болады.

Қызметті www.beetv.kz сайтында және Android, iOS операциялық жүйелеріндегі мобильді қолданбамен тұтынуға болады. BeeTV-ді қосу үшін смартфонда сайтқа кіру керек немесе мобильді қолданбаны жүктеп, қарапайым тіркеуден өтіп, топтаманы таңдау және қосу өтінішін растау қажет.

Тарифтер, топтамалар жиынтығы және олардың құны туралы толық ақпаратты www.beetv.kz сайтынан ала аласыздар.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

Amediateka Home of HBO – жер бетіндегі үздік телехикаялардың онлайн-қызметі. Сіздер HBO жаңа жобаларының тұсаукесерлерін және студияның бүкіл қорын, сондай-ақ әлемдегі жетекші телеарналар мен студиялардың - FOX, Showtime, Starz, BBC, ABC Studios, Sony Pictures, тағы басқаларының хиттері, көркем фильмдері мен деректі фильмдері, концерттері, стендап-шоулар мен ресейлік жаңа телехикаяларын бүкіл әлеммен бірге көре аласыздар. 2017 жылы компанияның озық сервистері, соның ішінде AMEDIATEKA HOME OF HBO мәртебесіне ие болып, НВО халықаралық топтамасына кірді. Тележелінің барлық тұсаукесері Ресейде AMEDIA TV сервистерінде АҚШ-пен бір уақытта көрсетіледі. Сіз, бір аккаунтқа 5 құрылғыға дейін қосып, сүйікті телехикаяларыңызды кез келген уақытта, кез келген жерде көре аласыз. Кәсіби деңгейде дыбысталған немесе түпнұсқаның шыққан тілінде, субтитрмен немесе субтитрсыз көруден ләззат алыңыз. Мобильді қосымшаларда телехикаялар мен фильмдерді телефон жадысына алдын ала жүктеп алып, көруге болады. Біздің қосымшаны App Store, Google Play және Smart TV ресурстарынан алуға болады, сондай-ақ AirPlay мен Chromecast-ты қолдайды.