Beeline ТЖ кезінде теңгерім жетпейтін болса да, байланыспен қамтамасыз етеді

31 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline карантин мен ТЖ кезінде теңгерімдегі қаражат жетпейтін болса да, қолданушыларға тегін байланыс ұсынып отыр.

«Жарқын» тариф жоспарына қосылған Beeline қолданушылары енді теңгеріміндегі қаражаты абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса да, желі ішінде тегін қоңырау шалып, қазақстандық интернет-ресурстарға шексіз қосыла алады. Жеңілдіктерді қолдануды бастау үшін, «Жарқын» тарифіне ауысу керек, ауысу тегін. Тариф жоспарының қазіргі қолданушыларына жеңілдік шарттары өздігінен берілді.

Осы тәрізді жеңілдіктер үйдегі интернеттің барлық қолданушысына да беріледі. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, айлық абоненттік төлемді ұстауға қаражат жетпейтін болса да, Kaz және Kz доменді барлық ресурсқа қосылуға болады.

«Beeline – әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары компания. Клиенттеріміздің жақындарымен байланыста болуы, қызметтерді онлайн ала алуы, сондай-ақ оқуын жалғастыра алуы біз үшін аса маңызды. Әсіресе ТЖ кезінде өте өзекті. Сондықтан ең танымал тарифтерге жеңілдік шарттарын қостық. Енді қаражат жетпесе де, қазақстандық интернетке базалық қосылу мүмкіндігін алуға болады. Арнаулы шарттар карантин мерзімі біткенше әрекет етеді», - деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков.

Бұған дейін – карантин мен ТЖ уақытына - Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды. Тегін байланысқа қол жеткізген дәрігерлер саны 16000 адамнан асты. Сондай-ақ, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берілді. Оған қоса әлеуметтік, ресми және білім беретін 153 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, «Үйдегі Интернет TV» көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz