Роумингтің әдепкі тарифтерінің жаңартылуы!

2019 жылы 12 ақпанда роумингтің әдепкі тарифтері «Бизнес Виза S» қызметінің шарттарымен әрекет ететінін қуана хабарлаймыз!

Өзгерістер несиелік есеп айырысу жүйесінің клиенттерін қамтиды.

Шексіз интернет

  • ТМД, Грузия және Украинада 2000 тг тәулігіне.
  • Алыс шетелде 2500 тг тәулігіне.

Интернетті қолдануды бастасаңыз болды, шексіз интернет өздігінен қосылады. Алғашқы 300 МБ ең жоғары жылдамдықпен беріледі, ары қарай тәулік біткенше, жылдамдық 64 КБ/сек. 0тг/МБ.

Қоңырау соғу

ТМД, Грузия және Украинада 30 минут 2000 тг тәулігіне. Топтама сыртындағы құн – 70 тг/мин.

Алыс шетелде 30 минут 2500 тг тәулігіне. Топтама сыртындағы құн – 100 тг/мин.

Минуттар топтамасы ҚР мен барған еліңізден келген барлық қоңырауға және қоңырау соғуға жұмсалады.

Роуминг тарифтері туралы толық ақпарат

Тарифтер өздігінен әрекет етеді, арнайы қосудың қажеті жоқ (әдепкі тарифтер).

Тәулік ішінде интернетке алғаш шыққанда, шексіз интернет өздігінен беріледі, ал тәулік ішінде алғаш қоңырау шалғанда немесе қабылдағанда минуттар топтамасы беріледі. 

Егер роумингте қоңырауды немесе интернетті қолданбасаңыз, топтамалардың құны ұсталмайды.

Шексіз интернет пен минуттар топтамасы Астана уақыты бойынша тәулік біткенше әрекет етеді де, келесі күнге көшірілмейді. Келесі тәулікте интернетке алғаш шыққанда немесе бірінші қоңырау кезінде тиісті топтама қайта беріледі.

SMS жіберу құны

  • ТМД, Грузия және Украинада - 70 тг/SMS.
  • Алыс шетелде - 100 тг/SMS.

Келген барлық SMS тегін.

Роумингтен халықааралық бағытқа қоңырау соғу құны – 1050 тг/мин. (барған еліңізден немесе ҚР-нан басқа елге қоңырау шалғанда).

Арнайы тарифтік ұсыныстар болса (мысалы, «Статус» немесе басқа тарифтік жоспарлар болса), өзгерістер ұсынысыңызға кіретін қызметтер мен бағыттарға ғана қатысты болады. Жаңа әдепкі тарифтерді қолдану үшін, ұйымыңыздың байланысушы тұлғасына, «Бизнес Виза S» қызметін қосу туралы хат жазуыңыз керек.

Әрекет ететін елдер

ТМД, Грузия және Украина

Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина.

Алыс шетел

Австралия, Австрия, Албания, Алжир, Аргентина, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Гонконг, Грекия, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Камбоджа, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Макао, Македония, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Моңғолия, Мьянма, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Пәкістан, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайвань, Таиланд, Танзания, Түркия, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, ОАР, Оңтүстік Корея, Жапония.

*Қырымда жеңілдіктер жоқ. Теңіз, әуе кемелері мен жерсерік желілеріндегі роуминг жеке тарифтер бойынша есептеледі.

Басқа елдердегі роуминг

Аса таныла қоймағандықтан және операторларының тарифтері қымбат болғандықтан роуминг қызметтерінің құны басқа бағыттардан өзгеше болады.

Қоңырау соғу – 1050 тг/мин. SMS – 120 тг/дана. Интернет – 4200 тг/МБ

Роумингтің әдепкі тарифтері несиелік есеп айырысу жүйесінің клиенттері үшін әрекет етеді.