Басты бет / Жаңалықтар

Оффлайн роуминг шарттарының жаңаруы

2018 жылы 10 қаңтарда белсендірілгеніне 90 күн толмаған нөмірлерден оффлайн роумингте қоңырау соғу мүмкіндігі шектеледі. Жаңа нөмірлерге қойылған оффлайн роумингте қоңырау соғу шектеуін Beelinе кеңселерінің біріне барып,  +77273500500 нөмірі арқылы клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалып немесе сайтта оператордың қайта қоңырау соғуына тапсырыс беріп, алып тастауға болады.

Өзгерістер алдан ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің абоненттеріне қатысты. Роумингтің шарттары мен таралу аймағы туралы толық ақпарат мына жерде.

Онлайн роумингке алдын ала төлем жүйесінің абоненттері әлемнің 110 елінде қоңырау соғуға, SMS-ке және интернетке жеткілікті кез келген теңгеріммен қол жеткізе алады. Байланыс қызметінің ақысы бірден ұсталады.

Оффлайн роуминг онлайн роумингке қол жеткізу мүмкін емес елдерде әрекет етеді және байланыс қызметінің ақысы кешеуілдетіп ұсталады.