Астанадағы қоғамдық көлікте жолақыны нөмірдің теңгерімімен төлеу

Енді бірыңғай көлік картасын сатып алу үшін кезекте тұрудың және жолақысын үшін артық төлеудің қажеті жоқ! Beeline клиенттері жолақыны нөмірдің теңгерімімен ыңғайлы, әрі жылдам төлей алады.

Жолақыны төлеудің екі жолы бар:

  • 2505 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS-хабарлама жіберу;
  • Менің Beeline-ым қосымшасында QR-кодты сканерден өткізу.

Автобуста көлік коды көрсетілген жапсырманы іздеңіз. Жолақыны теңгерімнен төлегенде, жолақы 90 теңге тұрады. Қоғамдық көлікте теңгерімнен тек әдепкі (жеңілдіксіз) жолақыны төлеуге болады. Кодты жіберген соң, түбіртек SMS түрінде келеді, осы түбіртек жол жүруге арналған электронды билет рөлін атқарады.

Келген SMS хабарламаны баратын жеріңізге жеткенше сақтау керек және қажет болса, жолақыны төлегеніңізді растау үшін бақылау қызметінің қызметкерлеріне көрсетуіңіз қажет. 2505 қысқа нөміріне SMS жіберу тегін.

Шарттары:

  • Қызметті Beeline-ның алдын ала төлеммен есеп айырысатын клиенттері ғана пайдалана алады;
  • Теңгерімде ең кемі 91 теңге болуы керек.