Халықаралық қоңыраулар мен хабарламалар туралы ескерту

Құрметті абоненттер!

Соңғы уақытта Beeline Қазақстан клиенттеріне әртүрлі халықаралық бағыттардан қоңыраулар мен SMS-хабарламалар көптеп келуде. Бейтаныс шетелдік нөмірден келген қоңыраулар мен SMS-хабарламалар алаяқтардың ісі болуы мүмкін. Beeline Қазақстан компаниясы бейтаныс шетелдік нөмірлерге қайта қоңырау соқпауға кеңес береді, себебі оларға соғылған қоңыраудың құны қымбат болуы және басқа елдердің немесе ақылы сервистердің бағасымен тарифтелуі мүмкін. Сондай-ақ Beeline Қазақстан компаниясы үшінші тұлғаға нөміріңізді айтпауды, сондай-ақ ашық жарияламауды – мысалы интернет желісінде (әлеуметтік желілерде, сайттарда), ұсынады.

Абоненттердің нөмірлеріне қол жеткізуі мүмкін үшінші тұлғалардың әрекетіне компания жауап бермейді.