«TV Үйдегі Интернет» пакеттерінің құрамы өзгереді

Құрметті абоненттер!

Тамаша жаңалығымыз бар!

1 шілдеден бастап «TV Үйдегі Интернет» пакеттерінің құрамы өзгереді!

  • TV 60 пакеті TV 70 болып, пакеттің құрамына келесі телеарналар кіреді: Discovery Channel;Animal Planet; MTV; Paramount Comedy; Eurosport 1; Paramount Channel; Здоровое ТВ, Усадьба, РТР Планета.

Discovery Channel - танымдық ойын-сауық телеарна. Негізгі тақырыптар - ғылым және техника әлемі, өнертабыс, жаңалық ашу, зерттеулер, саяхаттар, экстремалдық сауық. Арна бағдарламасы біліктілік пен ойын-сауықтың өте жоғары дәрежесімен өзгешеленеді, кең ауқымды аудиторияға арналған.

Animal Planet – жабайы табиғат пен жануарлар, олардың табиғи мекендау ортасы мен тіршілігі жайлы ғылыми-көпшілік фильмдер арнасы.

MTV – тәуліктік музыкалық ойын-сауық телеарна.

Paramount Comedy – Үздік комедиялық телехикаялар, көпшіліктің көзайымы болған скетчтер, ресейлік және шетелдік стендап – Paramount Comedy күлкілі болғанның бәрін көрсетеді. «Теория большого взрыва» және «Как я встретил вашу маму» (Кураж-Бамбей нұсқасы бойынша), Женя Рыбовтың дыбыстауымен «Южный парк», «Друзья», «Две девицы на мели», «Майк и Молли», «Бывает и хуже». 

Paramount Channel – американың байырғы киностудияларының бірі болып табылатын Paramount Pictures қорының фильмдерін көрсететін киноарна. Жанр, стиль мен уақыттың кең уақымы - комедия мен тылсым, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы ленталар мен заманауи туындылар. 

Eurosport 1 - жалпы еуропалық спорттық арна, спорттың алуан түрлері бойынша аса ірі халықаралық жарыстардың көрсетілімдері, ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар, спорттық шолу.

  • TV 100 пакеті TV 100+ болып, пакеттің құрамына келесі телеарналар кіреді: жоғарыда аталып өткен арналардың барлығы мен оған қоса А1, А2, Eurosport 2.

A1 - бұл әлемнің озық телеарналары мен студиялары ер адамдарға арнап ұсынатын танымал заманауи телехикаялар, экшн-блокбастерлерден бастап қара әзілді комедияларға дейінгі ерлерге арналған басты жанрлы фильмдердің үздік топтамасы, жаңашыл деректі бағдарламалар, спорттың белсенді түрлері туралы танымдық бағдарламалар.

A2 – махаббат туралы шетелдік және ресейлік телехикаялар мен фильмдер арнасы. Жас әйел затына арналған.

Eurosport 2 – велосипед бәйгесі, сквош, теннис, флорбол және т.б. секілді жастарға арналған және экстремалдық спорт түрлері. Бұлармен қатар классика жанры - футбол матчтары, Олимпиада ойындары және т.б. да көрсетіледі.

  • TV MAX пакеті TV MAX HD пакеті болып, пакеттің құрамына келесі телеарналар кіреді: жоғарыда аталып өткен арналардың барлығы мен оған қоса, Amedia Premium HD; Мир HD; SetantaSport HD; Setanta Sport+ HD; Setanta Kazakhstan HD; KBS World HD

              Setanta Sport HD; Setanta Sport+ HD - Еуразия елдерінде жоғары сапалы көрсетілімдерді тарататын аса ірі спорттық телеарна.

              Setanta Kazakhstan HD - Setanta Sports желісінің жаңа арнасы. Ағылшын футболының жанкүйерлері АПЛ-дың әр айналымының кездесулерін еліміздің үздік комментаторларымен бірге тамашалауға жақсы мүмкіндік алады - көрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

              Amedia Premium HD - Әлемнің үздік телехикаяларының арнасы. Тұсаукесерлер бүкіл дүние жүзімен бір уақытта өтеді. HBO, FOX, Showtime, Starz, CBS, Warner, SONY, Disney секілді әлемнің озық студиялары ұсынатын танымал телехикаялар: «Игра Престолов», «Американская история ужасов», «Западный мир»,«Родина», «Рей Донован» және көптеген басқасы.

Жайғасып тамашалаңыздар!