Beeline COVID-19 жұқтырған жандармен жолығу тәуекелін бағалайды

16 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстанның бағдарлама жасаушылары ауқымды деректер негізінде инновациялық Index COVID жасақтамасын жасап шығарды. Сервис коронавирус жұқтырғандармен жолығу қаупін анықтап, пандемия кезінде қауіпті болуы мүмкін жерлерден аулақ жүруге және әрекеттерді жасамауға жәрдем береді. 

«Әр қазақстандықтың қамын ойлай отырып, біз кез келген жан COVID-19 жұқтыру ықтималдығын анықтай алатын сервисті қуана ұсынамыз. Ол үшін, Менің Beeline-ым мобильді қосымшасына кіріп, сараптамадан өту жеткілікті. Коэффициент қаншалық төмен болса – соншалықты Сіз қауіпсізсіз. Әрине, бұл коронавирус сынақтамасы емес, дегенмен мұндай рейтинг осы ауруды жұқтырған жанмен жолығу ықтималдығын көрсетеді. Сервис қолданушының сауалы бойынша жұмыс істейді, сол себепті ол құпия, ал ақпарат тек клиентке беріледі», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин. 
Index COVID коэффициенті бірнеше көрсеткіштен түзіледі: 
1.    Адамның роуминг аумағында болғаны және оның қашан болғаны; 
2.    Адамның өзін-өзі оқшаулау режимін қаншалықты бұзғаны;
3.    Адамның коронавирус тіркелген өңірлерде немесе коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандармен жолығысуы. 

Index COVID қосымшаның басты бетіндегі «Жаңа» бөлімінде. «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында пайдалана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz