Басты бет / Жаңалықтар

Шетелдегі қазақстандықтарды мобильді қолдау!

Қазір 2 мыңға жуық клиентіміз вирус жұқтыру қаупі жоғары елдерде — Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Франция, Германия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ-та.

Қазір байланыста болу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Оларға қолдау көрсетуді ұйғардық және әрқайсына роумингте 2 ГБ мен 30 минут тегін ұсынып отырмыз! Интернет-роумингке қосылу мүмкін емес елдерде қоңырау шалуға 100 минут береміз! Клиенттер аударылған трафик туралы SMS хабарлама алады.

Егер осы елдердегі туыстарыңызда Beeline мобильді байланысы істемей тұрса, әлеуметтік желілердегі ресми парақтарымзда дайректке жазыңыз. Біз көмектесеміз.