Қауіпсіздік сертификаты

«Байланыс туралы» ҚР Заңының 26-бап, 11-тармағы «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану ережелеріне» сай, байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету шартын жасасқан абоненттеріне қауіпсіздік сертификатын таратады.

Софт Қазақстанда жасалған және оны ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынып отыр.

Қауісіздік сертификаты – шифрды қолдайтын, хаттамалары бар трафикті өткізу үшін қолданылатын электронды цифрлы таңбалардың жиынтығы.

«Beeline Қазақстан», Интернет желісіне қосылудың екінші провайдері бола отырып, өз тарапынан Интернет ресурстарына қосылу мүмкіндігін шектемейді. Желі ресурстарын бұғаттау мемлекеттік органдардың құзыретінде.

Beeline абоненттері келесі сілтеме арқылы, ресми сайттағы сертификатты орнату нұсқаулығын қолданып, қауіпсіздік сертификатын орната алады: http://qca.kz/.

Абоненттердің назар аударуын сұраймыз, қауіпсіздік сертификаты Интернетке шығатын барлық құрылғыға (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар мен планшеттерге, Windows/MacOS негізіндегі дербес компьютерлер мен ноутбуктерге) орнатылуы керек.