Қауіпсіздік сертификаты

Құрметті клиенттер !

Осы арқылы, Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларына сай, байланыс операторлары Интернетке қосылу мүмкіндігі бар техникалық құралдарына қауіпсіздік сертификатын орнатуға мүмкіндік беру үшін, абоненттер арасында қауіпсіздік сертификатын тарататынын хабарлаймыз.

Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрды қолдайтын хаттамалары бар трафикті өткізу үшін қолданылатын, электронды цифрлы таңбалар жиынтығы.

Қауіпсіздік сертификатын қолдану мақсаты –заңнамамен тыйым салынған ақпаратты телекоммуникация желісі арқылы таратуды шектеу.

Әртүрлі бағдарламалық қамсыздандыруы бар байланыс құралдарына қауіпсіздік сертификатын орнату нұсқаулығын мына жерден таба аласыз.

Қауіпсіздік сертификатын орнату үшін сілтеме арқылы өтіңіз.