Beeline қызметкерлері жаз біткенше қашықтан жұмыс істейді

27 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline қызметкерлерінің 90%-ы Қазақстандағы ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан, 2020 жылғы 31 тамызға дейін қашықтан жұмыс істей береді. 
Компания басшылары қызметкерлердің денсаулығын ойлап, қазіргі жағдайда ыңғайлы жағдай жасау үшін, осындай шешімге барды. 
Бұл ретте Beeline байланыс салондары қауіпсіздіктің барлық талабын сақтай отырып, клиенттерге бұрынғы режимде қызмет көрсете береді. 

«Екі жыл бұрын біздің компанияда қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін BeeFlex бағдарламасы ашылған. Соны сәтті жүзеге асырғанның арқасында, ТЖ кезінде қызметкерлердің 90%-дан астамын қашықтан жұмыс істеуге өте аз мерзімде көшіріп, барлық жұмыс үдерісін ары қарай жетілдіре түстік. Жұмыстағы ең бастысы – кеңседе өткен сағаттар саны емес, тиімділік. Осындай тәсіл және сенім мен адалдыққа негізделген корпоративті мәдениетіміз қашықтан жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін ашты, оны біз ары қарай қолдана береміз», - деді Beeline Қазақстанның Қызметкерлерді басқару директоры Тахмина Кодири. 
Қашықтан жұмыс істей отырып, компания қызметкерлері жалпы кездесулер мен шұғыл мәжілістер үшін немесе құжаттарды жіберу үшін аптасына 1 рет кеңсеге келе алады. Орынжай корпоративтік электронды жүйе арқылы брондалады. 

Кеңсеге келгенде қызметкерлер міндетті түрде келесі ережелерді сақтауы керек, олар – маскамен келу, әлеуметтік қашықтықты сақтау (кемі 1,5 метр), әріптестремен кез келген физикалық байланысты болдырмау. 

Beeline-дағылар қашықтан жұмыс істеу форматы ТЖ мерзімі бітіп, карантин аяқталған соң да өзекті болатынына сенімді. Мысалы, ол қызметкерлердің құштарлығына, жаңа мамандарды іздеу шекарасын кеңейтуге, сондай-ақ кеңсе орынжайларын жалдау шығынын оңтайландыруға әсер етеді. 

BeeFlex – қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Қызметкердің қай жерде екені маңызды емес – интернетке қосыла алып, байланыста болса және өз міндеттерін уақытында орындаса болды. Абоненттермен жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлеріне, қойма қызметкерлеріне және жабдықтарды күтіп ұстаумен айналысатын техникалық қызметкерлерге бағдарламаның қатысы жоқ. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz