«Бәрі 450 тг» және «Бәрі 3990 тг» тарифтері

2017 жылғы 21 тамыздан бастап 2 жаңа тариф «Бәрі 450 тг» және «Бәрі 3990 тг» тарифтері іске қосылды.

«Бәрі 450 тг» тарифінде абоненттік төлем аптасына 1 рет ұсталады, клиент Beeline нөмірлеріне шексіз қоңырау соғу және 25 SMS жолдау мүмкіндігіне қол жеткізіп, Қазақстандағы басқа мобильді операторлар нөмірлерімен сөйлесуге арналған 25 минут алады және ең бастысы – аптасына 3 ГБ интернет-трафик алады. Толық ақпарат

«Бәрі 3990 тг» тарифі үлкен топтама алғысы келетіндерге арналған. Айына 3990 теңгеге Beeline нөмірлерімен шексіз сөйлесіп, Қазақстандағы қалған операторлармен, соның ішінде қалалық нөмірлермен сөйлесуге арналған 400 минут, Қазақстандық барлық операторларға жолдауға болатын 400 SMS, сондай-ақ 40 ГБ интернет трафик аласыз. «Бәрі 3990 тг» тарифінің абоненттеріне арнайы артықшылықтар – Beeline кеңселерінде ерекше қызмет көрсету және жасырын нөмірлерді анықтауға арналған «Ашқыш» тегін қызметі қосылған. Толық ақпарат