Улучшение условий тарифов "Premium"

Тамаша жаңалық!

2017 жылғы 31 қаңтардан бастап біз «Premium» және «Premium Gold» тарифтік жоспарларының шарттарын жақсартамыз. Біздің үздік Premium тарифтеріміздегі тиімді шарттарды сақтау, Beeline-ның негізгі міндеті болып табылады.

1) Интернет-топтама айтарлықтай көбейіп,  «Интернет-топтаманы өздігінен толтыру» қызметі жабылады;

Айлық интернет-топтама

Бұрын

Болады

Premium

15 ГБ

25 ГБ

Premium Gold

20 ГБ

50 ГБ

2)     Басқа операторларға қоңырау соғуға арналған минуттар топтамасын Қазақстандағы қалалық нөмірлерге қоңырау соғуға пайдалануға болады; 

3)     Мобильді интернеттің құны 1 тг/МБ дейін және халықаралық қоңыраулардың құны 69 тг/мин дейін төмендейді. Осы құн интернет пен минуттар топтамасы біткен жағдайда да, сондай-ақ абоненттік төлем төленбеген жағдайда да әрекет етеді.

Тарифтердің абоненттік төлемі бұрынғыдай қала береді.

Жаңа шарттарды қолданып, Beeline ұсынған Premium тарифтік жоспарларының барлық артықшылықтарын пайдаланыңыз!