Кәсіпкерлер клиенттерін SMS-таратылым сервисімен қайтара алады

30 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline-ның корпоративті клиенттері карантин тоқтаған кезде клиенттеріне ақпарат беруге жәрдемдесетін жаңа қызметке қол жеткізді. «SMS клик» қызметі бизнестің жаңарғаны туралы, акциялар мен жаңа жұмыс шарттары туралы әпсәтте хабарлауға мүмкіндік береді. 

Карантиннен кейінгі кезеңде, шағын және орта бизнестің клиенттерге SMS-ақапарат тарату қызметке сұранысы екі есе өсті. Қызметтің қайта ашылғаны, жұмыс тәртібінің өзгергені, алдын ала жазылу, жеткізу әдістері, санитария талаптары және т.с.с. туралы клиенттерге хабар таратуға арналған қолжетімді әрі нақты құралдар кәсіпкерлерлер үшін аса қажет. Нарықтың әлеуетін ескеріп, Beeline Business бюджет үнемдей отырып, ауқымды аудиторияны қамтуды қалайтын корпоративті клиенттерге жаңа ұсыныс әзірледі. 

«SMS клик» қызметін сатып алған жаңа клиенттерге бонус ретінде 1000 SMS беріледі, оны клиент ең аз топтаманы сатып алу арқылы, сервис аясында пайдалана алады. Сонымен қатар клиенттерге, хабарлама алуға келісім бергендерден тұратын клиенттер базасына SMS жіберуге арналған WEB интерфейс ұсынылады. SMS-ақпарат ҚР-дағы барлық оператордың нөміріне жіберіледі. 

«Қазақстан бизнесі қазір қиын жағдайда, аумалы-төкпелі жаңа жағдайда қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін құрал қажет. Қазір SMS – клиенттерге хабар таратудың ең шұғыл әрі сенімді құралы. Қызмет қарым-қатынас пен қызмет көрсету сапасын арттыруға, бұрынғы клиенттерді қайтарып, жаңа клиенттерді тартуға сеп болады. Кәсіпкерлердің бизнесін шұғыл қалпына келтіріп, жаңа белестерге жетуіне тілектеспіз», - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.

Жақында Beeline Business карантиннен кейінгі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау үшін. Қазақстандық бизнесмендерге, ауқымды деректер негізіндегі «Мобильді жарнама» құралын сынап көруді ұсынғанын естеріңізге саламыз. Таргеттің екі жүз өлшем шарты бар инновациялық сервис шағын бизнес өкілдеріне қол жетімді бола түсті, себебі жарнама науқаны келісімшартының ең төменгі сома шектеуі төмендеді. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz