Жылы жүрек қозғалысының еріктілері «Медеу» мемлекеттік саябағында ағаш отырғызды

22 сәуір 2019 ж., Алматы қ. Жылы жүрек қозғалысының еріктілері Алматыдағы «Медеу» мемлекеттік аймақтық табиғи саябағында көшет отырғызды. Акция дүние жүзілік Жер күніне орай ұйымдастырылды.

Ағаш отырғызу – дәстүрлі акция. Жер күні Алматыдан бөлек, Ақтөбе және Ақтау қалаларында өтті. Жылы жүрек – Beeline компаниясының корпоративтік еріктілер қозғалысы, ол экологиялық акциялардан бөлек жағдайы төмен отбасыларға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге бағытталған бірқатар әлеуметтік белсенділіктерді жүргізеді.

«Ағаш отырғызуға Алматыдағы осы жерді кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Медеуге баратын жол – қаладағы ең танымал туристік бағыттардың бірі. Бірақ, эстетикалық және экологиялық мәселелерден бөлек, қауіпсіздік мәселесі де бар. Көшеттер селден қорғау қарсы бөгеттерінің қасына отырғызылды. Тамыры тереңге кеткен соң, қайыңдар қала үшін қосымша қорған болады. Жылы жүрек, қолдау көрсеткені үшін Алматы әкімшілігіне, сондай-ақ акцияға дайындалуда сараптамалық көмек көрсеткені үшін «Ағаш отырғыз» қоғамдық бірлестігіне алғыс айтады», - дейді Beeline Қазақстанның Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік менеджері Анар Жұмағұлова.

Beeline Қазақстанның корпоративтік еріктілер бағдарламасы 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде оның ұяшықтары компаниямыздың барлық филиалында қызмет істеп тұр. 1000-ға жуық қызметкер өз уақытын, тәжірибесі мен білімін сала отырып, еріктілер жобаларына белсене қатысуда. Көптеген акциялар «Жылы жүрек» бағдарламасының аясында тұрақты түрде өтіп келеді. Еріктілер Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне және Білім күніне орай өткізілген қайырымдылық жобаларына жұмылдырылған, сонымен қатар Қазақстанның барлық жерінде әртүрлі әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бұйымдарды жинауға атсалысуда. 

Еріктілер тәжірибе алмасу үшін және «Жылы жүрек» қозғалысын ары қарай дамыту жоспарын құру үшін жыл сайын бас қосады. Компанияның қолдауының арқасында, Beeline-дағы еріктілер саны артып келеді және әр жолы көмек алушы балалар саны да артуда.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

                                                                                                                                                                                                                                      Қосымша ақпарат алу үшін:

                                                                                                                                                                                                  Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
                                                                                                                                                                                                                                                   PR@beeline.kz