«Бәрі бақылануда» және «Бәрі бақылануда 365» тариф жоспарлары өзгереді 

2020 жылғы 29 мамырдан бастап «Бәрі бақылануда» және «Бәрі бақылануда 365» тариф жоспарлары сәйкесінше «Бәрі бақылануда архив» және «Бәрі бақылануда 365 архив» болып өзгеретінін хабарлаймыз.

Осы күннен бастап бұл тариф жоспарларына қосылу мүмкіндігі жабылады.

Тариф жоспарларына бұған дейін қосылған клиенттер тариф жоспарындағы қызметтерді қазіргі шарттармен қолдана береді.

Барлық жаңа қолданушыға жаңартылған тарифтер дайындап жатырмыз:

 

 

«Бәрі бақылануда»

«Бәрі бақылануда 365»

Интернет

Шексiз
(256 Кб/с жылдамдықпен)

Шексiз
(256 Кб/с жылдамдықпен)

ҚР-дағы барлық мобильді және қалалық нөмірлерге қоңырау соғу

50 мин

 

50 мин

 

ҚР-дағы барлық мобильді нөмірге SMS жолдау

50 SMS

50 SMS

Абоненттік төлем

1490 тенге

9990 тенге

Толық ақпарат жуырда сайтта жарияланады. Бәрі бақылануда!