«TV Үйдегі Интернет» мобильді қосымшасының жабылуы

12 тамызда «TV Үйдегі Интернет» қызметінің мобильді қосымшасы App Store және Google Play дүкендерінен өшіріледі. Мобильді қосымшаны 11 тамызға дейін жүктеуге, ал жүктелген қосымшаны 31.12.2018ж дейін пайдалануға болады.

Сондай-ақ 01.08.2017ж. бастап «Ұтымды Микс» қызметінің пайдаланушылары үшін 60 үздік ТВ арнаны ұсынатын тегін «BeeTV» қызметі қолжетімді екенін естеріңізге сала кетеміз. BeeTV қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.