Басты бет / Жаңалықтар

ТЖ кезінде «Жарқын» тарифтерінде видеоконференция сервистеріне трафик тегін болады

Қашықтан оқу және жұмыс істеу жеңілдейді. Ең танымал «Жарқын» тарифтерімізде видеоконференция сервистерінің трафигін есептемейтін болдық. Демек, клиенттеріміз өздеріне ыңғайлы уақытта Zoom.us, Microsoft Teams, Skype, Skype for Business, Cisco WebEx және BlueJeans онлайн-конференцияларына шексіз қатыса алады. 

 

Видеоконференция сервистеріне тегін әрі шексіз трафик алу үшін, «Жарқын 2590», «Жарқын 2990», «Жарқын 3990» немесе «Жарқын 4990» тарифтерінің әдепкі абоненттік төлемін төлеу жеткілікті.

 

Тиісті баптаулар өздігінен жасалады. Акция еліміздегі төтенше жағдай біткенше жалғасады.