Beeline нөмірінің балансына әлеуметтік төлемді қалай алуға болады

Нөмір әлеуметтік төлемді алушының атына дұрыс тіркелген болуы керек. Корпоративтік нөмірге әлеуметтік төлемді алу мүмкін емес. 
Тіркеудің дұрыстығын тексеру үшін, *835#  пәрменін теру керек. 

Нөмірді қайта тіркеу: 
-    сайтта.
-    Beeline кеңселерінде

Сізге SMS келеді, мәтіні: «... тг Beeline теңгеріміңізде! ХХХХХХХХХХХХ ЖСН-інен берілген өтініш мақұлданды, әлеуметтік төлем нөмірдің шотына түсті. Тексеріңіз: *102# Қаражатты Halyk bank банкоматтарынан және «Қазпошта» бөлімшелерінен оп-оңай алуға немесе мобильді қаржы ретінде ”Менің Beeline-ым” қосымшасында қолдануға болады. Ақпарат: сілтеме». 
Теңгерімді *102# пәрменімен тексеруге болады. 
 
Ыңғайлы 3 жолы бар: 

1.    Halyk Bank банкоматтарында

2020 қысқа нөміріне сома көрсетілген SMS жіберіңіз;

Мысалы: «30000 halyk 7771234567», мұндағы 30000 – сома, halyk —банктің атауы, 7771234567 — SMS жіберілген және қаражат алынатын нөмір. Егер банкомат бере алмайтын соманы көрсетсеңіз (айталық, 1230 теңге) SMS келеді: «Қате. Төлем сомасы дұрыс емес». 

SMS жіберудің орнына сайтта нөмірді енгізіп, авторизациядан өту үшін 6 мәнді кодты көрсетуге болады. 

2) 7111 нөміріне екі SMS арқылы келетін кодты күтіңіз, кодтың әр бөлігі 5 таңбадан тұрады, код 24 сағатқа жарайды*;

3) банкоматта «Beeline теңгерімінен ақша алу» операциясын таңдаңыз;

4) келген кодтың екі бөлігін бірден енгізіңіз (5 + 5 = 10 таңбалы код) және алатын сомаңызды көрсетіңіз;

Банкоматта алу өтінішін жіберген кезде көрсетілген соманы дәл көрсету керек (яғни, егер SMS-те 5000 теңге көрсетілсе, банкоматтан 4 000 немесе 6 000 теңге алу мүмкін емес, тіпті теңгерімде қаражат жететін болса да). Алу нұсқауын мына жерден көруге болады: сайт. 
SMS

5) егер код пен сома сәйкес келсе, банкомат ақшаны береді (кодты үш ретке дейін қате енгізуге болады). 

*МАҢЫЗДЫ! Егер 10 таңбалы кодты алған сәттен бастап бір тәулік ішінде қандай-да бір себеппен қаражатты алмасаңыз, сома алдағы 28 сағатта теңгеріміңізге қайта түседі. 

Назар аударыңыз! Банк кассаларында бұл қызметті пайдалану мүмкін емес.

2.     Beeline Картасынан, оған әпсәтте тапсырыс беруге болады. 
Біздің кеңселерде Beeline Картасына тапсырыс беріп, ақшаны алуға болады. Бұл бірегей карта мобильді телефон теңгерімі мен төлем картасының теңгерімін біріктіреді: картаның шоты – мобильді телефон теңгерімі! Beeline Картасымен әлеуметтік төлемді алып қана қоймай, сонымен қатар кез келген төлемді немесе аударымды жасауға болады. Толық ақпаратты мына жерден біле аласыз. 

3.    «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесінен: 
1)    Жеке куәлігіңізді көрсетіп, алатын сома мен телефон нөміріңізді айтыңыз; 
2)    2020 қысқа нөмірінен SMS арқылы келетін растау кодын күтіңіз; 
3)    Кодты тексеру үшін, «Қазпошта» қызметкеріне айтыңыз; 
4)    Егер код сәйкес келсе, сұраған сомаңыз сол сәтте беріледі.
 
Комиссиясыз алуға болатын ең көп сома - 42 500 тг.
Егер сома одан көп болса, алған кезде операцияның барлық сомасынан 3.5 % (ең кемі 200 тг) комиссия ұсталады.

Бір операциямен 2 000-нан 30 000 теңгеге дейін ала аласыз. Егер сома осы лимиттен көп болса, операцияны қайталаңыз. Назар аударыңыз: бір тәулікте ең көбі 63 000 теңге алуға болады. 
Егер ақша қаражаты толық алынбаса, қалдық Beeline теңгеріміне аударылады. Теңгерімді *102# пәрменімен тексеруге болады. 
 
Мобильді теңгерімнен қаражатты алу міндетті емес. «Менің Beeline-ым» қосымшасы немесе money.beeline.kz  сайты арқылы теңгерімді ыңғайлы пайдалануға болады. Мысалы, ақшаны теңгерімде қалдырып, коммуналдық қызметтердің ақысын немесе жеткізу ақысын төлеуге болады. Байқап көріңіз – Сізге ұнайды :)

1414 — әлеуметтік төлемді алуға қатысты кеңес алу;
0611 — егер әлеуметтік төлемді алу өтініші мақұлданып, бірақ сома теңгерімге 3 жұмыс күні ішінде түспесе.