Басты бет / mnp-new

Нөмірді ауыстырар алдында тексеріңіз:

Нөмірдің бұғатталмағанын және оның қарызы жоқ екенін

Қазіргі операторыңыздың қосымшасына кіріп, нөмірдің мәртебесі мен теңгерімін тексеріңіз

Нөмірдің атыңызға тіркелгенін

Тексеру:
Tele2, Altel және Jusan Mobile: *835#
Kcell және Activ: *562#

Нөмірдің оператор желісінде ең кемі 60 күн болғанын

Соңғы ауысқан сәттен осынша уақыт өтуі тиіс

Дайын болсаңыз, жылы қарсы аламыз

Дайынсыз ба? Бастайық!

Beeline-ға көшіретін нөмірді жазыңыз. 15 минут ішінде қоңырау шаламыз.

Егер қазір таңғы 8-ден ерте немесе түнгі сағат 1-ден жай болса, келесі күні қоңырау шаламыз: біз үкі емес, арамыз 😊

Оп-оңай! «Менің Beeline-ым» қосымшасында 🚀

Қосымшаға кіріп, «Beeline абоненті болу» пернесін басыңыз. Куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды дайындаңыз: тіркеу үшін, фотоға түсіреміз.

Болады! Ең жақын кеңсенің мекенжайы мына жерде.

Куәлік немесе төлқұжатты ұмытпаңыз, тіркеу үшін керек болады. Кеңседегілер Сіз үшін бәрін жасап береді!!

Өкінішке қарай, нөміріңіз Beeline желісіне тек Beeline кеңсесінде көшіріледі.
Ең жақын кеңсенің мекенжайы мына жерде.

Есесіне кеңседе Сіз үшін бәрін өздері жасап береді! Куәлік немесе төлқұжатты ұмытпаңыз, тіркеу үшін керек болады.

Нөмірді көшіруіге қатысты толық ақпарат

Сізді MNP-портация терминімен шошытады 😊

Сіз қорықпаңыз 😊 MNP (Mobile Number Portability) — байланыс операторын ауыстыру, яғни нөміріңізді басқа желіге көшіру.

Нөмірді көшірудің 3 шарты

1. Нөмір Сіздің ЖСН-іңізге тіркелген болуы тиіс Тексеру үшін *835# пәрменін (Tele2, Altel және Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell мен Activ) пәрменін теріңіз.

Егер нөмір Сіздің атыңызға тіркелмесе, қазіргі операторыңыздан деректерді жаңаруды сұраңыз.

2. Нөмірді соңғы көшірген сәттен ең кемі 60 күн өтуі керек.
Егер нөмірді бір оператордан басқасына жақында көшірсеңіз, біраз күтіңіз, содан соң қайта өтініш беріңіз.

3. Қазіргі операторыңыздың алдында міндеттемеңіз болмауы қажет. Егер Сізде, мысалы, теңгеріміңіз минус болса немесе бөліп төлеуге алған смартфон үшін қарызыңыз болса — төлеуіңізді өтінеміз.

Жеке куәлік немесе төлқұжатты ұмытпаңыз: нөмірді көшіру барысында жеке басыңызды куәләндыруыңыз керек болады.

Нөмірді көшіру тегін

Нөмірді көшіру тегін.

Төлем сомасы таңдаған SIM-карта түріне байланысты:

  • • eSIM: таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін ғана төлейсіз.
  • • SIM-картаны жеткізу: ірі қалаларда жеткізу құны 500 тг + таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемі.
  • • Smart SIM: Егер біздің кеңседен бос SIM-карта алсаңыз, таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеу ғана қалады.

Тариф пен теңгерім көшпейді

Тариф жоспары мен мобильді теңгерім көшірілмейді. Бұрынғы операторыңызда болғанның бәрі бұрынғы операторыңызда қалады 😊

Нөмірді көшіру шамамен 45 минут алады

Өтінімді 01:00-ге дейін жібердіңіз бе? Нөмірді көшірудің барлық шарты сақталса, өтінімді өңдеу 45 минуттан аспайды.

Жарқын жаққа 01:00-ден кейін ауысып жатырсыз ба? Таңның атуын күтіңіз. Өтінім 08:00-ден кейін өңделеді.

Біз арамыз, бірақ үкі болуға және қызметті тәулік бойы ұсынуға талпынып жатырмыз  😊

Beeline байланысын бірден пайдалануға болады!

Beeline SIM-картасын іске қосқан соң, ауысқаныңыз туралы SMS бірден келеді, ал экранда желінің Beeline KZ атауы шығып тұрады. Алайда нөмірді көшіру барысында байланыс уақытша шектелуі мүмкін (1 сағат бойы).

SIM-картаны іске қосқаныңызға бір сағттан асты, бірақ байланыс әлі жоқ па? Біздің қолдау чатымызға хабарласуыңызды өтінеміз.

Байланыс бар, бірақ басқа мобильді операторлардан қоңырау келмей тұр ма? Мұнда да чаттағылар көмектеседі.

Шетел азаматтары да көшіре алады

Жарқын жаққа ауысу үшін, Сізде Қазақстандық ЖСН болуы керек. Егер ЖСН бар болса, Beeline-ның кез келген кеңсесіне барыңыз, Сізге міндетті түрде көмектеседі.

ЖСН-ді кез келген ХҚКО-дан «Шетелдіктерге және ҚР-да азаматтығы жоқ, уақытша жүргендерге ЖСН жасау» қызметі арқылы алуға болады.

Көшкен соң, SMS келмесе орындайтын әрекеттеріңіз

1414 нөмірінен және eGov-тан біраз уақыт SMS келмеуі мүмкін. Егер сондай мәселе туындаса, біздің қолдау чатымызға немесе eGov-қа хабарласыңыз да, Мобильді азаматтар базасында нөміріңізді жойып, қайта тіркеуін өтіңіз.

Сіздің iPhone Ұлыбританияға ақылы SMS жібере бастауы мүмкін. Мұның нөмірді көшіруге қатысы жоқ. Ол iOS операциялық жүйесінің ерекшелігі.

Бұл мәселені шешу үшін, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз:

• «Баптауларға» кіріңіз → FaceTime

• Сәйкестендіруден өтіңіз

• «Геопозицияны өзгертуді» таңдаңыз → «Өңір» жолында тұрған еліңізді (Қазақстан) көрсетіңіз → «Сақтау» пернесін басыңыз. 

Нөмірді көшіруден бас тартса

Абыржымаңыз! Жоғарыда көрсетілген барлық шарт («Нөмірді көшірудің 3 шарты» бабы) орындалғанына көз жеткізіп, тағы бір рет өтініш беріңіз.

Бас тартудың басқа себептері:

• Нөміріңіз мемлекеттік органдардың талабымен бұғатталған. Упс, бұл бізге емес…

• Сізде осы нөмірді көшіруге белсенді өтінім бар. Күтіңіз.

Бұл парақтағы ақпарат – алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттеріне.